Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева

Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева
Қазақстан-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы
2004 жылдан бастап
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің директорлар кеңесінің мүшесі
2001 жылдан бастап
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының директоры
1998 жылдан бастап
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Өмірбаяны
Білімі 1. Ресей театр өнері институты (1989)
2. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (1998)
3. Кентербери университеті
Ғылыми дәрежесі Педагогика ғылымдарының докторы (2007)
Мамандығы Экономист
Азаматтығы  КСРО
 Қазақстан
Дүниеге келуі 19 тамыз 1967 (1967-08-19) (57 жас)
Теміртау, Қарағанды облысы, Қазақ КСР, КСРО
Династия Назарбаевтар әулеті
Туған кездегі есімі Динара Нұрсұлтанқызы Назарбаева
Әкесі Нұрсұлтан Назарбаев
Анасы Сара Назарбаева
Жұбайы Тимур Құлыбаев
Балалары Алтай (1990)
Дениза (2004)
Нәби (2008)
Ализия (2010)
Марапаттары
Барыс ордені
Барыс ордені

Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева (тумысында — Назарбаева; 19 тамыз 1967, Қарағанды облысы, Теміртау) – миллиардер, педагогика ғылымдарының докторы. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы және білім қорының директоры[1]. Forbes журналы бойынша 2024 жылы байлығы 5 млрд $ бағаланып[2], Орта Азиядағы ең бай әйел атанды[3].

Байлығы

Құлыбаева 1998 жылдан бастап IITU, Astana IT University, ҚБТУ, АЭБУ, UIB, Астана мен Алматыдағы Халықаралық Мирас мектептері және Арыстан әскери лицейі кіретін “Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының” (қазіргі NNEF) директоры.[4]. Одан бөлек жұбайы Тимур Құлыбаевпен бірге “АЛМЭКС холдингтік тобы“ АҚ арқылы елдегі ірі банктердің бірі Халық Банктың 69.52 % иелік етеді.[5]. 2024 жылы Халық Банк Құлыбаевтарға 276.5 млрд ₸, ал 2022 жылы 138 млрд ₸ өтемақы төлеп берді.[6].

Жыл Байлығы Орны
2024 5 млрд $[7] әлемде 612-ші, елде 2-ші
2023 4.3 млрд $[8] әлемде 636-шы, елде 2-ші
2022 3.9 млрд $[9] әлемде 780-ші, елде 2-ші
2021 2.9 млрд $[10] елде 6-шы
2020 2.9 млрд $[11] елде 2-ші
2019 3.1 млрд $[12] елде 3-ші
2018 3.1 млрд $[13] елде 2-ші
2017 2.2 млрд $[14] елде 3-ші
2016 2.1 млрд $[15] елде 3-ші
2015 2.1 млрд $[16] елде 4-ші
2014 1.8 млрд $[17] елде 3-ші
2013 1.3 млрд $[18] елде 5-ші
2012 1.258 млрд $[19] елде 6-шы

Мүлкі

Германияның Неміс толқыны атты медиа орталығының 2022 жылғы зерттеуінше[20] Құлыбаевтар құны 100 миллион еуро болатын мүліктерге иелік етеді.

XIX ғасырда өмір сүрген орыс дипломаты әрі құпия кеңесшісі Михаил Хрептовичтің демалыс орны болған Зеело сарайын сатып алу және жөндеу жұмыстарына 60 млн еуро жұмалған. Басылымның хабарлауынша әлі күнге дейін бұл сарайға ешкім келмеген.

Азаттық радиосының 2022 жылы зерттеуінде Құлыбаевтардың Алматыда "Жайлау" гольф-клубы мен "Оқжетпес" санаторийі аумағымен шектесіп жатқан, аумағы – 74 149 шаршы метр, яғни, 7,5 гектарға жуық зәулім сарайы бар. Үйдің мекенжайы "Жайлау" ықшамауданы, 1-үй деп көрсетілгенімен "2gis", "Яндекс карта" мобильді қосымшалары бұл мекенжайларды көрсетпейді[21]. Үйдің құрылтайшылары: Тимур мен Динара Құлыбаевтар.

2020 жылы Азаттық радиосының Сара Әлихан мен Майк Эккель зерттеулері бойынша Испанияның Жирона қаласы, Льорет-де-Мар муниципалитеті, Avenue Canyelles 2(B) көшесінде 20 гектар, 3200 шаршы метрлі, 13 жатын бөлмесі, 19 жуын бөлмесі, бассейн, кинотеатр, 3 монша және көліктерге арналған гаражбен қамданған үй орналасқан. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында испандық өнеркәсіпші салған, кейінірек оны жапондық компания сатып алып, ғимаратты өзі басқаратын мектеп ретінде пайдаланды. 2007 жылы нысанның иесі ауысты, кімге екені белгісіз. Үйдің Құлыбаев-Назарабевтарға тиесілі екенін көрші Бланес қаласының 2012 жылғы “Нысан Қазақстан Республикасының президентіне тиесілі” деп шығарған сот үкімі куә. Бейресми деректер бойынша тіпті бұл үйдегі кештерде Назарбаевтың өзі көзге түскен.

Швейцарияның Женева қаласы, Аньер елді-мекені, № 399 Route D’Hermance мекенжайы бойынша Динара Құлыбаеваның атына жазылған құны 74.7 млн франк, аумағы 7960 шаршы метрді құрайтын, 3 қабатты, көбелек тәрізді баспалдақпен, 25 метрлік жабық-ашық бассейндермен, спа және қонақ бөлмелерімен қамданған үй орналасқан.

Швейцарияның RTS телеарнасының 2013 жылғы зерттеуі бойынша Динара Құлыбаева үйдің аумағы еуропалық емес елдердің азаматтарына аумағы 3000 шаршы метрден асатын нысанды сатуға болмайтындықтан, бұл үйде сатып алу үшін Швейцария билігінен рұқсат сұраған. Өз кезегінде Швейцария билігі Динара мен Тимур Құлыбаевтардың және сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үйге аяқ асты келіп қалуын себеп етіп, үй сатып алуға рұқсат берген[22].

2019 жылы Құлыбаева 62 млн франкқа (68 млн $) Женевада Коллонж-Бельрив муниципалитетіндегі № 25 және 27 Chemin du Milieu мекенжайындағы жері мен үй аумағы 28 700 шаршы метр, қасындағы басқа да нысандардың аумағы 890 шаршы метр болатын, екі шаршы мұнара тас қасбетімен қапталған, ұлттық маңызы бар швейцариялық мәдени құндылығы бар Бельрив қамалын (нем. Chateau de Bellerive) сатып алды. 2020 жылы қаңтарда қамалға шектесіп жатқан 1.5 гектарлы жерді 44 млн франкқа (49 млн $) сатып алып, жерін кеңейтті. Бельрив қамалы 17 ғасырда бой тұрғызып, БҰҰ дипломаты Садруддин Аға Ханға (1933—2003) көп жылдар бойы тиесілі болған.

Білімі

А. В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнер университетін 1989 жылы бітірген.

Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтынан магистр дәрежесін алды (1998).

«Методологические основы управления профессионально-ориентированной образовательной системой школ международного типа» ("Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағытталған білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері") деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады.

Биографиясы

1967 жылы 19 тамыз күні дүниеге келген.

Қазақ Бас киносында инспектор (1990–1991), «Қазкинопрокатта» бөлім бастығы (1991–95), «Бөбек» қорында дирекция жетекшісі (1996, 1998) қызметтерін атқарды.

1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев» білім қорында директор. [23]

2004 жылы — «ҚБТУ» АҚ директорлер кеңесінің төрайымы.

2007 жылы "Халықаралық типті мектептердің білім жүйесін басқаруының методологиялық негіздері" тақырыпты докторлық диссертация қорғады.

2009 жылдан бастап Н.Назарбаев атындағы Білім Ұлттық қорын басқарады.

Марапаттары

«Парасат» орденінің иегері (2008)

Отбасы

Дереккөздер

  1. https://foundation.kz/kz/2018-10-07-17-20-23/direktor-lebizi.html
  2. https://forbes.kz/ranking/75_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2024
  3. https://forbes.kz/ranking/object/55
  4. https://foundation.kz/ru/
  5. https://forbes.kz/ranking/object/2#:~:text=%D0%9E%D1%81%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BD%D1%8B%D0%B5%2520%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%8B%253A%2520%D0%90%D0%9E%2520%C2%AB%D0%A5%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%8F%2520%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%BF%D0%BF%D0%B0%2520%C2%AB%D0%90%D0%9B%D0%9C%D0%AD%D0%9A%D0%A1%C2%BB%2520%E2%80%94%252073,%D0%B0%D0%BA%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%8B%2520%E2%80%94%25203%252C2%2520%2525.
  6. https://kaztag.kz/amp/news/okolo-t193-mlrd-dividendov-vyplatit-halyk-bank-kompanii-kulibaevykh
  7. https://forbes.kz/ranking/75_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2024
  8. https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2023
  9. https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2022
  10. https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2021_1621273818/amp
  11. https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_1525434752_1603074535/amp
  12. https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2019
  13. https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_2018_1525434751/amp
  14. https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_2017_2018/amp
  15. https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2016
  16. https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2015/amp
  17. https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana/amp
  18. https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_lyudey_kazahstana_-_2013
  19. https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_lyudey_kazahstana_-_2012
  20. https://abai.kz/post/147044
  21. Назарбаев әулетінің Алматыдағы мүліктері  (қаз.). www.azattyq.org. Тексерілді, 27 қазан 2024.
  22. Tapis rouge à Genève pour la fille du président du Kazakhstan  (фран.). www.rts.ch. Тексерілді, 27 қазан 2024.
  23. “Қазақ Энциклопедиясы”
  24. https://informburo.kz/kaz/nazarbaev-otstavkaa-kett-.html
  25. https://www.azattyq.org/amp/kazakhstan_nursultan_nazarbayev_first_president/25359019.html
  26. https://kaztag.kz/amp/news/gennadiy-golovkin-smestil-timura-kulibaeva-na-postu-prezidenta-nok
  27. https://www.azattyq.org/amp/kazakhstan-gennady-golovkin-the-new-head-of-the-national-olympic-committee/32836003.html
  28. https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/279

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!