Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Ұраны:
қаз. Қазақстан интеллектуалды элитасы,

орыс. Интеллектуальная элита Казахстана,

ағылш. Intellectual elite of Kazakhstan
Университет атауы
Халықаралық атауы International university of information technology
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 2009 жылы
Орналасуы
Орналасқан жері  Қазақстан, Алматы
Мекенжайы Алматы қаласы Манас 34a/Жандосов 8а
Әкімшілік
Ректоры Исахов Асылбек Абдиашимович
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер 4000-нан асады
Сайты ХАТУ ресми сайты

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ағылш. International university of information technology) — 2009 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтің және Carnegie Mellon ақпараттық технологиялар университетінің ынтымақтастығымен салынған.[1]

Carnegie Mellon университеті алгоритмдер, компьютер желісі, үлестірімді есептеулер, бағдарламалау тілдері, робот техникасы, компьютерлік лингвистика, бағдарламалармен қамтамасыз ету бойынша мамандар даярлаудан әлемде жетекші орын алады. Осындай университет ашудың мақсаты Қазақстан ақпараттық технологиялар саласындағы, әлемге әйгілі мамандар әзірлеп шығару.

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің ұйымдастырушылары «Зерде» Акционерлік Қоғамы мен Халықаралық Бизнес Университеті(UIB). Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің алғашқы ректоры - Шыныбеков Дамир Абдухалиевич болды. Оқу мерзімі - 4 жыл. Қазақ-ағылшын және орыс-ағылшын тілдерінде оқытылады. Университет Акционерлік Қоғам болғанымен студенттерді қабылдағанда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіне қарайды.

Кездесулер

Raja Sooriamurthi - Introduction into Java

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті студенттеріне арналған әлемге әйгілі IT - мамандарымен кездесулер өткізіледі сонын ішінде: Гил Таран Carnegie Mellon профессоры және iCarnegie директоры, Raja Sooriamurthi - Carnegie Mellon профессоры, Сарсенов Сакен Сейтжаппарович - байланыс және ақпараттар министрі т.б.

Жыл сайын университет тек өз оқушыларына ғана емес және де мектеп оқушыларына арналған кездесулер мен қосымшалар дайындайды. Әр жылдың жазында университет абитуриенттер мен мектеп оқушыларына арналған Ағылшын тілінен қосымшалар ұйымдастырады, және тестілеу өткізеді.

Университет жыл сайын өзінің үздік студенттерін Германия, Польша, Малайзия мен АҚШ-на практикаға және оқуға жібереді.

Университет көптеген халықаралық сайыстарға қатысып жүлделік орындарын алады. Және де университеттің өзінде де сайыстар өткізіледі, 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан мектеп оқушыларына арналған олимпиада өткізілді. Тағы да Университет қабырғасында бүкіл Қазақстан азаматтарына арналған HackDay акциясы өткізілді.


Кафедралар

Менеджмент және қоғамдық пәндер кафедрасы
2009 жылы Халықаралық ақпараттық технология университеті құрамында «Менеджмент және қоғамдық пәндер» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра Халықаралық ақпараттық технология университетының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кафедра миссиясы – қазіргі күнгі білім, хабардарлық және тәжірибелік дағдысы бар жоғары білікті мамандарды – менеджерлерді дайындау; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында, бизнес және кәсіпкерлікте, ғылым және білім саласында сәтті кәсіпқойлық қызметті іске асыруда олардың нақты бәсекелестік дағдысын қалыптастыру.
Кафедра «Менеджмент» мамандық бойынша бакалавр дайындайды.


Ақпараттық технологиялар кафедрасы

Ақпараттық технологиялар кафедрасында 29 дәрісшілер және оқытушылар жұмыс істейді. Олардың ішінде

Кафедрада жаңа компьютерлік техникамен жабдықталған және бағдарламалармен қамтамасыз етілген лабараториялық кабинеттер, интерактивті тақтамен жабдықталған лекция залдары бар.

Тілдер кафедрасы

Алатау ақпараттық технологиялар паркіндегі
Университеттің болашақ оқу ғимараты


Студенттер санының өсуіне байланысты 2010 жылы қыркүйек айында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Тілдер кафедрасы құрылды. Ол мемлекет ішінде және одан тыс елдерде кәсіби қауымдастыққа табысты қосылуға әзір болашақ мамандарды дайындау мақсатындағы техникалық білімді гуманитаризациялауға бағытталған.
Кафедра ХАТУ-дың бакалавриат және магистратура бағдарламаларының студенттеріне «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», «Іскери қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Іскери орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Кәсіби ағылшын тілі», «Іскери ағылшын тілі» пәндерін оқытуды қамтамасыз етеді.
Қызмет барысында кафедра оқытушылары оқытудың негізгі қатысымдық және интерактивтік ұстанымдарын, оның үйренушіге бағытталуын, Қазақстанның үш тілділік саясатын іске асыруды, оқу мен тәрбие үрдістерін ұштастыруды басшылыққа алады. Тәрбие жұмысында кафедра студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, сыни және шығармашылық ойлауды дамытуды, топтасып жұмыс істеу, мәселелерді шешу дағдысын қалыптастырады. Тіл пәндерін оқу, әдетте, студенттердің: « Инновациялық АТ өнімдерінің жәрмеңкесі», «Уақыт кемесі: Қазақстан 2030», «Заманымыздың кумирлері», «Шежіре», «Болашақ ұйім», «Фильмдерді қазақша дыбыстау» т.с. с. ең табысты өздік жұмыс жобаларын университетішілік презентацияларда көрсетумен аяқталады.
Оқытудың кредиттік технологиясына өту шеңберінде кафедра мүшелері СОӨЖ және СӨЖ өткізудің түрлерін кеңейтіп, ұйымдастыру әдістерін жетілдіру, оқу үрдісін белсендіру жолында тынбай еңбектеніп, жылына 2 рет әр семестр аяғында өткізілетін «Техникалық ЖОО тілдерді оқытудың көкейкесті мәселелері» атты семинарда өздерінің әдістемелік шеберліктерін ұштайды.
Кафедрада 19 оқытушы жұмыс істейді. Олардың 3-і – қазақ тілін, 2-і – орыс тілін, 14-і – ағылшын тілін оқытады. 1 оқытушы – филология ғылымдарының докторы, 10 оқытушы – филология ғылымдарының кандидаты.

Бүгінгі тарихы


Серiктестер

АТ – Университетінің құрылтайшылары «Ұлтық инфрокоммуникациялық холдинг «Зерде »» АҚ және Халқаралық бизнес Университеті (UIB) болып табылады. Биылғы жылы жоғары оқу орны тек Қазақстандық студенттерді қабылдайды. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін жоғары білімі деңгейін, сапалы дайындықтарын iCarnegie ЖОО серіктестігі қамтамасыз етеді, Carnegie Mellon университетінің құрлымдық бөлімшесі болып табылатын (SEI) – ғылыми – зерттеу орталығы өнеркәсіп өндірісін бағдарламалық қамтамасыз етуде екі онжылдық бойы жетекші орын алып келуде. Сонымен қатар Carnegie Mellon өзінің оқыту бағдарламаларын халқаралық нарыққа сәтті бейімдеу және енгізуде, әлемдік ЖОО топ-парақшыларына кіруде. 1900 жылы негізігі қаланған ЖОО Times Higher Education Supplement баспасы рейтингінің мәліметі бойынша әлемнің үздік жиырма ЖОО кіреді. Carnegie Mellon Университетінің да серіктестерінің қатарына Google, Intel және Microsoft сияқты АТ компаниялар кіреді. Міне осындай байсалды АТ-білім беру Қазақстанға енді. Алматыға іс сапарымен (18-20 шілдеде 2009) Carnegie Mellon Университетінің профессоры Гил Таран iCarnegie президенті келді. Халқаралық ақпаратық технология университетінде басшылармен бір қатар кездесулер өткізді сонымен қатар талапкерлермен кездесті. «Қазақстан мемлекет мүшелерімен кездестік Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірі Жансеит Түймебаев, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы (ары қарай – АИС РК) Қуанышбек Есекеев, Ұлттық инфоркамуникациялық «Зерде»холдингінің басшысы Адильбек Сарсенов. Біз байқадық мемлекетін бас жетекшелері проеке мүдделі екенің және қаржыландыруға дайын екенің, сондықтан сондықтан біз оның жарқын болашағына сендік.» - дейді Таран мырза. Қазақстандық үлгілі қызықтырады өйткені сіздің мемлекет өңір бойынша жетекші және де АТ-білім беру бойынша көсем болуға тырысатыны. Мемлекет амбициоздық жобаларды қолдады, қаржыланды бізге бұл жақсы әсер қалдырды, және де университет құрлысына жұмыс істеп жатқан кәсібқой командасыда.

Университеттiң әрiптестерi

Мамандықтар

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті келесі мамандықтар бойынша оқытады:

Ақпараттық технологиялар паркінде

Мамандықтың шифры

Мамандық

Қысқартылған атауы

5B070300

Ақпараттық жүйелер

АЖ

5B070400

Есептеу техникасы және бағдарламалармен қамтамасыз ету

ЕТжБҚ

5B060200

Информатика

И

5B070500

Математикалық және компьютерлік модельдеу

МКМ

5B071900

Радиотехника, электроника және телекоммуникация

РЭТ

Және

  • IT-менеджменті
  • IT-финансы
  • Электрондық журналистика

Студенттік өмір

iCarnegie Курстары

Кафедра қызметкерлері – ақпараттық технологиялар саласы бойынша үздік оқытушылар, әлемдегі ең үздік оқыту бағдарламасын өңдеп шығарған Американдық Carnegie Mellon университетінде тәжірибеден өткен.

  • SSD1: Introduction to information system / Ақпараттық технологияларға кіріспе / web-қосымшаны, тестер. web-қосымшаны өңдеуші
  • SSD2: Introduction to computer systems / Компьютерлік технологияларға кіріспе / Техникалық қолдау бойынша маман
  • SSD3: Object-oriented programming and design / Объектіге бағытталған дизайн және бағдарламалар / Кіші Java-өңдеуші
  • SSD4: User-centered design and testing / Қолданушыға бағыталған дизайн және тестілеу / Интерфейстерді жобалаушы дизайнер
  • SSD5: Data structures and algorithms / Мәлеметтердің алгоритімі және құрылымы / C++ өңдеуші, web сайттарды өңдеуші
  • SSD6: System-level programming / Жүйелік бағдарламалар / Жүйелік бағдарламашы
  • SSD7: Database systems / Мәліметтердің жүйелік базасы / Мәліметтер базасын өңдеуші, мәліметтер базасының дизайнері, электрондық коммерцияның шешімін өңдеуші
  • SSD8: Networks and distributed computing / Желілер және таратылған есептеулер / Желілік қосымшыларды өңдеуші, жүйелік талдаушы.
  • SSD9: Software specification, test and maintenance / Бағдарламалық қамтамасыз ету ерекшелігі, тексеру және қолдау / Аға өңдеуші
  • SSD10: Software projects organization and management. / Бағдарламалық қамтамасыз ету, жобасын өңдеуді ұйымдастыру және басқару / Жоба жетекшісі, өңдеу, жобын басқарушы

Оқыту ең үздік әдістемемен ғана жүргізілмейді, сонымен қатар заманауи оқыту әдістері де қолданылады. Кафедрада соңғы үлгідегі компьютерлік техникамен және бағдарламалармен жабдықталған төрт зертханалық сынып, интерактивті тақтамен жабдықталған екі лекция залы бар. Сондай-ақ кафедрада студенттер мен оқытушылар жұмыс істейтін екі ғылыми-зерттеу лаборотория ұйымдастырылған. Осы лабороторияларда бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары шоғырланған. Студенттерге лабороторияда жұмыс істеу өз мүмкіндіктерін байқауға және алған білімдерін қолдануға, АТ бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Университет әнұраны жайлы

ХАТУ-дың әнұраны:


Сөзі:

Шексіз білімге талпынатын
Жетті уақыт алтын
Кең қанат жайып шалқытатын
Ғылым есік ашты
Ашылып арманның жолы
Әлем тұр қызыққа толы
Болашағы жарқын бүл күй
Былым ордасы бұл IT

Қайырмасы:
IT елімнің намысы менің
IT арманның жемісі сенің
IT алғашқы сәулесін шашқан
Көш басшы болатын жастар
IT сеніменен тек алға
IT болашаққа сен жалға
IT жеткізер толық арманға
Көгімде елімнің самға

We meet the world to take one step
The knowledge wait for you
Stream to the high of learning days
You'll see dreams coming true
Everything you need
You can find right here
Don't waste your time and just begin
To get your best in IT

IT - I can touch the sun I can fly
IT - you're the one, you're the brightest light
IT - thank for making me strong and wise
Thank you for being in my life
IT - it's the best way for everyone
IT - you're reliable you're number one
IT - you rise up leaders this is true
I'm so proud of learning with you

Yeah, yeah, клавиатуры, программы и нэт
индустрий надежный, полный букет,
Ваши фантазий - наш ратный труд
Нашему миру ясность и четкость дадут
English поможет быть впереди,
В сайтах и все что ты хочешь найти
Вместе мы сможем всех обойти
Если ты - лучший, ты нужен в IT

IT - I can touch the sun I can fly
IT - you're the one, you're the brightest light
IT - thank for making me strong and wise
Thank you for being in my life
IT сеніменен тек алға
IT болашаққа сен жалға
IT жеткізер толық арманға
Көгімде елімнің самға

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасы үкемітінің №881 қаулысы, 24 қыркүйек 2008ж.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!