Глеб Борисович Померанцев

Глеб Борисович Померанцев (14.7.1920, Ресей, Дондағы Ростов қаласы – 2003, Атырау қаласы) – ғалым, техника ғылымының докторы (1967), профессор (1968), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподент мүшесі (1975).

  • 1938-1947 Ленинград (Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін физика факультетінде бітірген.
  • 1947 Маңғыстау (қазіргі Ақтау) энергокомбинатында инженер-физик, бөлім бастығы, ғылым жетекшінің орынбасары, бас инженердің ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болып 20 жылдай жұмыс атқарады. Ол ядролық физиканы дамытуға байланысты ұйымдастырылған жаңа сала еді.
  • 1989 жылдан Ақтау қаласындағы Қазақ политехникалық институты филиалының физика және химия кафедрасының профессоры.

Ғылыми жұмыстар

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты ядролық реакторлардың өнімділіктерін арттыру, шапшаң нейтронды қуатты реакторларды жасау және жетілдіру, т.б. мәселелеріне арналған.

Жетістіктері

1969 жылы Маңғыстау энергокомбинатына, дүние жүзіндегі тұңғыш шапшаң нейтронды өнеркәсіптік реактордың жұмысына қатысуға жіберілді. БН-350 реакторын іске қосуда еңбек сіңірген. 170-тен астам құпия жұмыс атқарған.

Марапаттар

КСРО Мемлекеттік (1951) және Лениндік сыйлықтардың (1960) лауреаты. 230-дан астам ғылыми жарияланым мен 6 өнертабыс куәлігінің авторы. 2 рет "Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталған. "Атом ғылымын дамыту жөніндегі ұзақ та жемісті еңбегі" үшін ескерткіш, медалімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

  1. "Қазақ энциклопедиясы"


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!