Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» — өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз — безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі:
гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигменті — меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте).
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар
Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.
Аденогипофизді (бездігипофизді) гипофиздің алдыңғы, төмпектік (туберальды) және аралық бөліктері құрайды. Алдыңғы бөлікті құрайтын безді жасушалар (аденоциттер) боялу сипатына қарай екі топқа бөлінеді. Солғын боялған хромофобты жасушалар — жетілмеген жас аденоциттер. Олардан хромофильді (жақсы боялған) жасушалар жетіледі.
Хромофильді жасушаларға: қызыл түске боялатын ацидофилді аденоциттер және көкшіл түске боялатын базофилді аденоциттер жатады.
Ацидофилді (оксифилді) аденоциттер — соматропин (өсу гормоны), пролактин (лактотропин), адренокортикотропты гормондарды, ал базофильді аденоциттер — гонадотропиндер (ФСГ, ЛГ) мен тиретропты гормондарды бөледі. Туберальды және аралық бөліктерді көгіддір түске боялған, мөлшері мен пішіндері біркелкі келген майда аденоциттер құрайды. Аралық бөліктің безді жасушалары организмдегі пигмент алмасуын реттейтін интермедии (меланотропин) гормонын түзеді. Нейрогипофизде гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында түзілетін вазопрессин және окситоцин гормондары қан қылтамыршаларына (капиллярларына) өтеді.
Гипофиз — адам мен жануарлар организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады.
Гипофиздің зақымдалуы — организмде әртүрлі аурулардың, мысалы, акромегалия мен гигантизмнің өрбуіне ықпалын тигізеді.
Гипофиз-қақпалық жүйе
Гипофиз-қақпалық жүйе (гипофизео-портальная система); (грек, hypophysis, porta — қақпа және systema - жүйе) ~ гипоталамустың орталық (медиальды) деңесі мен гипофиз аяқшасының қан капиллярларын аденогипофиздің соңғы бөліктерінің қойнауша капиллярларымен байланыстыратын венулалар топтары[1].
Дереккөздер
↑Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN 9965-822-54-9