Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Гептан

Гептандар. Метанның гомологтық тізбегіндегі С7Н16 алканы. Гептандардың 9 изомері белгілі, олардың бәрі де мұнай құрамынан табылған. Өздерінің қайнау температурасы тұрғысынан (80,9-100,2°С) гептандар мұнайдың бензин фракциясы құрамбөліктеріне сәйкес келеді. Гептандардың мұнай құрамындағы мөлшері 2 %, бензин құрамындағы мөлшері 10 % шамасында. Гександар сияқты, гептандардың мөлшері және олардың изомерлерінің бір-біріне қатынасы мұнайлы қатқабаттың тереңдігіне және сол мұнайды кіріктіретін тау жыныстардың геологиялық көнелігіне тәуелді.[1]

Дереккөздер

  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya