Вениамин Моисеевич Кельман (7.2.1915, Украина, Киев - 27.04.2008, Теннеси) – физика-математика ғылымының докторы (1949), профессор (1953), Қазақстан ҒА-ның академигі (1962).
- 1937 жылы Киев мемлекеттік университетін бітірген.
- 1937–41 жылдары Украина ғылым академиясының Харьков қаласындағы Физика-техникалық институтында аға ғылыми қызметкер болды.
- 1941-1945 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
- 1945–62 жылдары КСРО ҒА-ның Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) Физика-техника институтында,
- 1962–87 жылдары Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер (1987–92) болып жұмыс істеді.
- 1992 жылдан АҚШ-та тұрады.
Негізгі ғылыми еңбектері электрондық және иондық оптика саласына және ажыратқыштық шамасы жоғары бета- және масс-спектрометрлер жасауға арналған.
Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы