(Плис) Біліс Нұрпейісов(23.01.1919 жыл, Қызылорда облысы,Қазалы уезі,Біліс өзені бойында - 23.04.1945 жыл, Германия, Берлин қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш-штурман, гвардия аға лейтенанты, қазақ.
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан. Шежіре: Біліс-Нұрпейіс-Қойгелді-Қарсақ-Шоқай-Қожамберді-Шыбынтай би-Ырысымбет би-Бекет би-Сөйін би-Келдібай батыр-Бозғұл би-Шөмекей [1]
Қазақ АКСР-інің құрамында болған Қарақалпақ автономиялық округінің Петро-Александровский (қазіргі Төрткүл қаласы) қаласындағы Луначарский атындағы орта мектепте, Түрікменстанның Түркменабат (бұрынғы Шарджоу) қаласындағы Орта Азия кеме шаруашылығының ФЗО мектебінде оқып, кейін сол жердегі өзен-су көлігі техникумын бітірді. «Альбатрос» жолаушы тасымалдау катерінде капитанның көмекшісі қызметін атқарды 1935 жылы Төрткүлдегі Қарақалпақ мұғалімдер институтының физика-математика факультетіне окуға түсіп, оны бітірген сон медициналық училищеде, Тақтакөпірдегі орта мектепте қызмет істеді. 1940 жылы Мелитополь Әскери әуе училищесінде оқыды. Соғыстың алғашқы кезеңінен бастап «Пе-2» бомбалаушы ұшағымен немістердің шабуылдаушы әскерлерін бомбалауға қатысты. Әскери тапсырмаларды орындау барысында жараланып, госпитальда болды. Кейін Бурят - Моңғол Автономиялық Республикасындағы арнайы Тайткуркн әскери ұшақтар мектебінде дайындықтан өтіп, 1943 жылымайданға аттанды. Онда тікелей Жоғары Бас қолбасшылықтың Әскери-әуе күштеріне бағынатын, алыс қашықтықты барлайтын 2-Беларусь майданы 4-әуе армиясына қарасты 47-жеке гвардиялық барлау авиа полкіне қабылданды. Сол жылдың күзінде жас ұшқыш Дунаевский]] және атқыш-радист А.Волков үшеуі Жоғары қолбасшылықтың ерекше кұпия тапсырмасымен бірнеше майдан шептері және жау қорғаныстарынан өтіп, Берлинді суретке түсірген. 1944 жылдың көктемінде әуе полкі З-Беларусь майданының кұрамында болып, Неман мен Вислаға өтердегі тегеурінді шабуылдарға қатысты. 1945 жылынаурызда ұшатын экипажға Берлин қаласы аймағындағы екі әуежайды барлау тапсырылды. Әуе зеңбіректерінің үсті-үстіне оқ жаудырғанына қарамастан Нұрпейісов қала орталығының батыс бөлігін суретке түсіріп алды. Алыс қашықтыққа ұшып, әскери стратегиялық нысандарды суретке түсіріп, оларды жойғаны үшін Нұрпейісовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (18.8.1945). Батырдың "Алтын Жұлдызы" қазір Өзбекстанның мемлекеттік мұражайында, ал КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы туралы негізгі құжат Алматы қаласында тұратын ұшқыштың туған інісі Жүсіпбай Нұрпейісовтің қолында сақталған. Қарақалпақстан Республикасында батырдың атында көше, мектеп бар. Алматы қаласы Қалқаман ықшам ауданындағы бір көшеге батырдың есімі берілген. Қызылорда қаласындағы «Тағзым» алаңындағы тақтаға есімі жазылды (26.4.2015). Қызылорда қаласында Нұрпейісовтің атындағы көше бар (2015 ж.). Көлбай Адырбекұлы өзінің «Жүрек жұтқан» (Алматы, 2009) деректі повесінде батырдың ерлікке толы өмірбаянын жазды. Ол Ленин (1945 ж.), 2 рет Қызыл Ту (1944 ж.), «Қызыл Жұлдыз» (1944 ж.), 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы (1944 ж.) ордендерімен, медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
- ↑ А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х