Домбровский Бронислав Александрович (18 қаңтар 1885 ж., Украина, бұрынғы Херсон губерниясы, Елизаветград қаласы – 16 шілде 1973 ж., Алматы қаласы) – биология ғылымының докторы (1936), профессор (1930), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1954), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1945).
Киев университетін (1912) бітірген. 1929 жылдан Қазақстанда жұмыс істеген. Елімізде жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен морфологиясының қалыптасуы және дамуы Домбровскийдің атымен тығыз байланысты. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) өзі құрған мал анатомиясы кафедрасын басқарды (1929–37, 1939–50, 1951–54). 1937–39 және 1954–71 ж. ҚазМУ-да жануарлар морфологиясы және зоология кафедраларына басшылық етті. 1971 жылдан өмірінің аяғына дейін осы кафедрада кеңесші-профессор болды.[1]
Сыртқы сілтемелер
http://ru.wikipedia.org/wiki/Домбровский,_Бронислав_Александрович
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том