Борис Евгеньевич Патон (27.11.1918 жылы Киев) - техника ғылым доктары (1952), профессор, екі мәрте Социалистік Еңбек Epi (1969,1978), тарихта тұңғыш Украина Батыры (1998), Украина Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1958) әрі Президенті, КСРО Ғылым Академиясы - қазіргі Ресей Ғылым Академиясының академигі (1962), Ғылым Академияларының Халықаралық қауымдастығының президенті, Рим клубының құрметті мүшесі, Евгений Оскарович Патонның ұлы.
Киев политехника институтын бітірген (1941).
- 1941-42 жылы зауытта электртехника лаборатория инженері,
- 1942-45 жылы УКСР Ғылым Академиясы Е.О.Патон атындағы Электрдәнекерлеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер,
- 1945-50 жылы бөлім меңгерушісі, 1950-53 жылы директордың орынбасары, директоры,
- 1986-94 жылы УКСР Мемлекеттік жоспарлау және Украина Ғылым Академиясы Президиумы жанындағы техника және әлеуметтік-экономика болжау мәселелері бойынша ведомство аралық ғылым кеңестің басшысы, журналдардың бас редакторы,
- 1992-95 жылы Украинаның ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің бастығы қызметтерін атқарған.
- 1992 жылы Украинаның Жоғарғы Радасының техника саясат мәселелері жөніндегі алқасының мүшесі,
- 1959-88 жылы депутат, 1963-80 жылы УКСР ЖК Төралкасының мүшесі,
- 1962-89 жылы КСРО ЖК 6-11-шақырылымдарының депутаты,
- 1966— 89 жылы КСРО ЖК Одак Кеңесі төрағасының орынбасары,
- 1989-91 жылы КСРО халық депутаты.
Украинаның ұлттық кауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің мүшесі (1997-2005). 1000-нан астам ғылым еңбектердің, 20 монография, 400 өнертабыстың авторы. Патон Украина Ғылым Академиясының президенті болған жылдары Қаныш Сәтбаевпен әріптестік қарым-қатынаста болды.[1]
Дереккөздер