Баянды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл, Баянды ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Маңғыстау ауылынан солтүстікке қарай 11 км-дей жерде орналасқан.
Халқы
1999 |
2009[1] |
2021[2]
|
867 |
▲1919 |
▲7758
|
Тарихы
Ауыл 1973 жылы Қазақ КСР-і ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрығымен мал дайындайтын және бордақылайтын арнаулы шаруа бірлестігі болып құрылды. 1981 жылы жаңадан құрылған Мұнайлы ауданына қараған.
Инфраструктурасы
Елді мекенде орта мектеп, фельдш.-дәрігерлік пункт, кітапхана бар.[3]
- №3 орта мектеп — 1983 жылы Баянды бастауыш мектебі болып ашылған. Бала санының артуына байланысты, мектеп қажеттігіне орай, 1985 жылы Баянды 8 жылдық мектебі болды. 1989 жылы 30 қарашада Форт Шевченко қалалық оқу бөлімінің №323 бұйрығымен Баянды орта мектебі болды. Мектеп атауы 2014 жылдың 06 наурызындағы Мұнайлы аудандық әкімдігінің №72-қаулысымен «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мекемесі болып өзгерді.[4]
- №7 «Айналайын» балабақшасы
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы саласында 43 шаруа қожалығы мен жеке қожалықтары бар. 2016 жылдың 2-жартысындағы есеп бойынша 4310 бас қой, 1198 ешкі, 1036 жылқы, 1126 бас түйе, 93 бас сиыр малдары болды. Ауыл аумағында құс фабрикасы жұмыс жасап тұр.
Дереккөздер