Басқа мағыналар үшін Басқұдық деген бетті қараңыз.
Басқұдық — Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы ауыл, Басқұдық ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Маңғыстау ауылынан батысқа қарай 9 км-дей жерде.
Халқы
2009 |
2021[1]
|
14215 |
▲31534
|
2016 жылы тұрғын саны 28500 адамға жеткен. Миграциялық толқынмен жылдан жылға халықтың өсімі байқалады. Табиғи өсіммен жылына 1000-ға жуық сәби дүниеге келеді. Ауылда 2016 жылы 7 бала өлімі тіркелген.
Халық саны |
Қазақтар (%) |
Орыстар (%) |
Өзбектер (%) |
басқа этностар (%)
|
28500 |
28464 (99,86) |
21 (0,08) |
10 (0,04) |
5 (0,02)
|
Тарихы
2007 жылы Маңғыстау ауылының құрамынан "Металлург", "Гранит" саяжай алаптары, "Маржан-21 ғасыр" өндірістік кооперативі бөлініп шығарылып, солардың негізінде Басқұдық ауылы құрылды.[2]
Инфрақұрылымы
Ауылда 1 мектеп бар. Ауылда БМСККО филиалы жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы
Ауылда фермер қожалығы, немесе мал шаруашылығы жоқ. Ауыл тұрғындары малдарын жеке қожалықта ұстайды. Жеке қожалықтағы мал шаруашылығының есебі ауылдық округ әкімі аппаратында шаруашылық кітаптарына тіркеліп, әр тоқсан сайын жеке малдардың есебі алынып отырады.
Жылы |
Мал саны |
Түйе |
Сиыр |
Жылқы |
Қой/ешкі
|
2015 |
301 |
181 |
12 |
18 |
90
|
2016 |
▲ 385 |
▲ 201 |
▲ 21 |
▼ 15 |
▲ 148
|
Дереккөздер