Барқытбел (2011 жылға дейін – Новоандреевка)[1] — Абай облысы Үржар ауданындағы ауыл, Барқытбел ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Үржар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 км жерде, Үржар өзені бойында, Тарбағатай жотасының оңтүстік баурайындағы далалы өңірде орналасқан.
Халқының саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1405 |
▼ 1110 |
▼ 904 |
81,4 |
555 |
▼ 453 |
81,6 |
555 |
▼ 451 |
81,3
|
Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланған. 1957-1997 жылы сүт өндіретін “Октябрьдің 40 жылдығы” атындағы ұжымшардың орталығы болған. 1997 жылдан Новоандреевкада етті-сүтті ірі қара мал өсірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді.[4]
Дереккөздер