Ақсу өзені – Қырғызстан Республикасы және Қазақстанның Жамбыл облысындағы өзен.
Географиялық орны
Шу өзенінің сол саласы. Ұзындығы 155 км, су жиналатын алабы 483 км2.
Бастауы
Қырғыз Алатауының солтүстік беткейлерінен бастау алып Тасөткел бөгеніне (Жамбыл облысы) құяды.
Гидрологиясы
Алабында жалпы ұзындығы 70 км болатын кішігірім 5 саласы және жалпы ауданы 4,2 км2-ден астам бірнеше ұсақ көлдер бар. Мұздықтар және қар суымен толығады. Жылдық ағынның 70%-ы мамыр - шілде айларына келеді. Көп жылдық орташа су шығымы 4,74 м3/с. Суы тұщы, орташа минералдылығы 130 - 140 мг/л. Суы негізінен егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында Ақсу бөгені салынған.[1]
Дереккөздер
- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5