Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани |
Ақжан Жақсыбекұлы Машанов |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).
|
---|
Қайтыс болған күні |
2 мамыр 1997 (1997-05-02)
|
---|
Қайтыс болған жері |
Алматы қаласы
|
---|
Азаматтығы |
Қазақстан
|
---|
Ұлты |
қазақ
|
---|
Қызметі |
ғалым
|
---|
Әкесі |
Жақсыбек
|
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани (1906 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы — 02.05.1997, Алматы) — геолог ғалым, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1946), профессор (1968), ҚР Ұлттық ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және академияның корреспондент мүшесі (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1966).[1]
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан.
Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, мектебін құрушы; жазушы. Қазақ тау-кен металлургия институты (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1939). КСРО ҰА-ның Қазақстан бөлімшесінде (1939 — 43), Геология ғылымдары институты (1943 — 46), Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі ҚазҰПУ) (1946 — 50), Қазақ политехникалық институты (қазіргі ҚазҰТУ) (1950 — 88) ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы — кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясы жаңғыртатын жаңалық жасады.
Ол |тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:
- тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориясы негізін анықтау;
- тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау.
Осы мәселелерді біріктіре шешу — тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геол. құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау — Құсмұрын кен өрісін ашқан. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында П.А. Рыжовпен бірге Лениногор, Зырьян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. М. геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемл. тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғыл.-көпшілік, фантастик. жанрларына да үлес қосты. Оның “Жер астына саяхат” атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты. Әбу Наср әл-Фарабидің Дамаскідегі (Сирия) Баб ас-Сағир қорымынан қабірін тауып, құлпытас орнатуға ат салысқан. Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. “Әл-Фараби” тарихи романында оның көркем бейнесін сомдады, ал “әл-Фараби және Абай” еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғыл. және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төккен. 1984 ж. Кувейтте шығатын “әл-ұараб” мерзімдік басылымында “әл-Машани” бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. М. 350-ден астам ғыл. еңбек, оның ішінде 9 монографияны жазған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Ақжан әл-Машани атында
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Жаратылыстану институтына әл-Машани аты берілген, университетте әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық және ғалымның есімі берілген аудитория бар.
Еңбектері
- Как образовались горы, А., 1939;
- Геометрические методы изучения структуры рудных полей, А.-А., 1946;
- Жер сілкінісі, А., 1949;
- Жер құрылымы, А., 1949;
- Терминологический русско-казахский словарь/геология, горное дело и металлургия, А.-А., 1950;
- Жер астына саяхат, А., 1957;
- Механика массива горных пород, А., 1961;
- Кристаллография, минерология және петрография, А., 1969;
- Әл-Фараби, А., 1971;
- Космология Аль-Фараби, А., 1971;
- Основы горной механики, А., 1972; ұ
- Ғажайып от ошағында, А., 1978;
- Основы геомеханики скально-трещиноватых пород, А., 1985;
- Геомеханика, А:, 1994;
- Әл-Фараби және Абай, А:, 1994;
- Ай арысы, А., 1996;
- Космос және космология, А., 1999;
- әл-Фараби және бүгінгі ғылым, А., 2004.
Дереккөздер
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9