ҚазақстанҚазақстан
Ауылдық округ орталығы
Қостанай
Арқалық
Ашутасты
50°07′01″ с. е. 66°34′34″ ш. б. / 50.11694° с. е. 66.57611° ш. б. / 50.11694; 66.57611 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°07′01″ с. е. 66°34′34″ ш. б. / 50.11694° с. е. 66.57611° ш. б. / 50.11694; 66.57611 (G) (O) (Я)
UTC+5:00
1914 адам (2009)
10
Ашутасты — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Ашутасты ауылдық округі орталығы.
Арқалық қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде орналасқан.
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1736 адам (832 ер адам және 904 әйел адам) болса, 2009 жылы 1914 адамды (930 ер адам және 984 әйел адам) құрады.[1]
Ауылда А.С.Макаренко атындағы орта мектеп, "Гүлдер" балалар бақшасы, Мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Қызмет көрсету саласында 9 сауда нүктесі мен 1 қоғамдық тамақтандыру орыны бар.
Ашутасты ауылының тұрғын үй қоры 20932 шаршы метрді немесе Арқалық қаласына қарасты ауылдық мекендердегі жалпы тұрғын үй қорының 14%-ын құрайды. Арқалық қаласына дейінгі жолдың ұзақтығы - 35 км, қаламен екі ортада автобус қатынасы бар («Арқалық-Ашутасты» маршруты бойынша 2 жеке автобус тартылған). Ашутасты ауылының ішіндегі жолдардың ұзындығы 8 км құрайды, олардың барлығы қатты жабынға ие, жолдардың күйі - қанағаттанарлық.
Ауылдағы негізгі жұмыс бағыты - ауыл шаруашылығы болып табылады. "Қостанай облысының Арқалық қаласы территориясын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасында" келтірілген мәліметтерге сәйкес, 2016 жылы ауыл территориясында 20 шаруашылық нысандары, оның ішінде :1 ЖШС, 5 ШҚ және 14 ЖК қызмет еткен. Базалық шаруашылық - «Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС. Негізгі салалар - өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін қайтаөңдеу (қайтаөңдеу цехтарының саны - 5 бірлік). 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сай егістік жерлер ауданы - 29061 га; жайылым - 40035 га, оның ішінде жергілікті тұрғындардың малын жаюға арналғандары - 3750 га [2].
Аққошқар • Алуа • Аңғар • Арқалық • Ашутасты • Әбдіғаппар хан • Восточное • Екідің • Жалғызтал • Көктау • Қайыңды • Қызылжұлдыз • Матросово • Мирное • Молодёжное • Родина • Үштөбе • Фурманово • Целинное