Орталық тұтынушылар қоғамы одағының (Центросоюз) Берлиндегі өкілі
1928 жылы Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы банкінің меңгерушісі болды.
1928 жылы желтоқсанда большевиктер партиясы қатарынан өз еркімен шықты.
1929 жылы сәуірде «партия беделін төкті», «троцкийшіл» деген айыппен қамауға алынып, Батыс Сібірге жер аударылды.
1933 жылы жазасын өтеп келіп, Омбы ауыл шаруашылығы институтына оқытушы болып жұмысқа орналасты.
1934 жылы 15 наурызда ОГПУ үштігі РКФСР қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармағына «сәйкес» Баржақсинді екінші рет Батыс Сібірге 5 жылға жер аударады.
1935 жылы ОГПУ үштігінің үкімімен атылды.
Шығармалары
Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген Баржақсин өзінің қысқа ғұмырында артына мол әдеби, ғылыми мұра қалдырды.
Ол қазақтың 1710 мақал-мәтелін жинап, 1915 жылы тұңғыш рет «Мың бір мақал» кітабын қазақ, орыс тілдерінде шығарды.
Оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Үш Жүз» газеттерінде, «Айқап» журналында басылды.
Л.Н. Толстойдың әңгімелерін аударып, «Айқап» журналында жариялады.
«Ертерек білсең жасырма» атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының «Жазбаларында» (1916 жылы, 28-тамызда) жарияланды.
1927 жылы «Елге шаруа кооперативі мен тұтыну кооперативінің қайсысы қолайлы?»
«Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек?» деген кітапшалары жарық көрді.
1937 жылы Баспахана мен әдебиет ісі жөніндегі Бас басқармасы Баржақсиннің «Мың бір мақал» деген кітабын халыққа зиянды кітаптар қатарына қосып, пайдаланудан шығарды. Баржақсин мұралары әлі толық зерттелмеген.[2]