Арыстанды (өзен, Жамбыл облысы)

Арыстанды өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 92 км
Су алабының
ауданы
847 км²
Су ағысы
Бастауы Қаратаудың солтүстік-батыс беткейі
 • Координаттары 43°18′40″N 69°43′17″E / 43.31111°N 69.72139°E / 43.31111; 69.72139 (T)
Сағасы Шаян өзенінің оң жағы
 • Координаттары 42°58′17″N 68°59′28″E / 42.97139°N 68.99111°E / 42.97139; 68.99111 (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Жамбыл облысы Сарысу ауданы, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
 Басқа мағыналар үшін Арыстанды деген бетті қараңыз.

АрыстандыСырдария алабындағы Шаян өзенінің оң саласы.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі жерінен басталып, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы арқылы ағады. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 423 км2.

Бастауы

Қаратаудың солтүстік-батыс беткейінен басталады.

Гидрологиясы

Бас жағында арнасы тар, әрі тік жарлы болып келеді. Таудан шыға берістегі орташа су ағымының мөлшері 0,64 м3/с-қа жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Суы желтоқсанның аяғында қатып, наурыздың басында ериді. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай, батысқа қарай Арыстанды-Қарабас желі соғады.[1][2]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы I том
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!