Араб Мақаұлы Ғаббасов



Дүниеге келгені: 1903 ж. желтоксаның 12
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы
Қайтыс болғаны: 2002 ж.

Ғаббасов Араб Мақаұлы(12.12.1903 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 2002) – а. ш. ғыл. докт. (1945), профессор (1954), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Мәскеу а. ш. академиясын бітірген (1930). 1932–41 ж. педагогтік қызметте, 1941–1946 ж. КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінде аға ғыл. қызметкер, Қазақстан ғылым академиясының бөлімшелері мен базалары кеңесі төрағасының орынбасары, 1946–1950 ж. Қазақстан ғылым академиясының Шөл игеру ин-тының директоры, 1951–1977 ж. Ботаника ин-тында бөлім меңгерушісі болды. Өзі ұйымдастырған және басшылық еткен Шөл игеру ин-тында, Жезқазған, Іле ботан. бақтарында алыс текті будандастыру және мутагенез әдістері арқылы бидай мен жүгерінің түраралық және туысаралық будандарын алды. Олардың селекциясы мен генетикасын зерттеді. Табиғи жайылымдарды пайдалану шараларын белгілеп берді. Бидай мен қарабидай буданының (тритикале) коллекциясын жасады.[1]

Дереккөздер

<references>

  1. Қазақ Энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!