Айдаһар – батпайтын шоқжұлдыздардың бірі болып саналады. Аспанда айдаһарға ұқсас, иректеліп жатады, бас жағы – трапецияға ұқсас. Қырағы көзбен қарағанда, шоқжұлдызда шамасында 80 жұлдыз айқын көрінеді. Шоқжұлдыздың беткі температурасы өте ыстық, шамамен, 57000 градусқа дейін жетеді.
Жұлдыздары
Маңызды 3 жұлдызы бар: ʋ, ε және μ. Айдаһардың бас жағындағы ʋ жұлдызы – 5-жұлдыздық шамадағы екі жұлдыз болып шыға келеді. Айдаһардың ε әріпімен берілген жұлдызының серігі – оны 3,3” қашықтықта айналып жүреді. Шоқжұлдыздағы μ жұлдыз да екеу. Үшеінің шашу дәрежелері бірдей, арақашықтары 2” – қа тең. Бұл жүйедегі айналым мерзімі 1500 жылға созылады.