Абд Әл-Ғафур Әл-Кердери, Абд әл - Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу - л – Мафахир әл - Кердери (1166 жылы өмір сүрген) - қазақ далаптай шыққан ғұлама. Әл-Кердери оның кердері руынан шыққанын аңғартады.[1] әл - Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу - л – Мафахир әл – Кердери Бағдат, Басра, Дамаскіде білім алған. Мұсылман заңының, оның ішінде Ислам туы тігілген көптеген өлкелерге кеңінен тараған ән-Нұғман Әбу Ханифа негізін салған мектептің теор. Тұжырым қағидаларын басшылыққа алып зерттеулер мен түсіндірулер жасаумен айналысқан. әл - Гафурбин Лұқман бин Мұхаммед Әбу - л – Мафахир әл - Кердери «Интисар ли Абд Ханифа фи ахбарихи уә ақуалиһи» («Әбу Ханифаның хабарлары мен айтқандарындағы жеңісі»), «Муфид уә мәзид фи шарх ат-Таджрид» («Таджридке (абстактілендіруге) түсіндірме жасаудағы пайдалы толықтыру»), «Шарх «әл-Джамиғ ас-Сағир» («Кіші жинаққа түсіндірме») атты бірқатар кітаптар жазған.[2]
Дереккөздер
- ↑ Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Кердері — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2006. — Т. 3. — 464 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-05-7.
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1