Ішекқуыстылар

Ішекқуыстылар (лат. Coelenterata) – нағыз көп жасушалылардың (клеткалылар) бір типі. Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасады, олар ересек дарабастарында айқын сақталып, эктодерма және Эндотерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне қарай Ішекқуыстыларды екі қабатты (Dіploblastіca) жануарлар тобына жатқызады. Екінші бір ерекшелігі – энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты олардың дене қуысы ішек қуысы деп аталады. Типтің аты осыған байланысты қойылған. Тағы бір ерекше белгісі – сәулелі симметриясының, атқыш (күйдіргіш) және жүйке клеткаларының болуы. Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерді, аз ғана түрлері тұщы суларды мекендейді. 9000-ға жуық түрі белгілі. Дене пішіні цилиндр тәрізді, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Денесінің ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жетеді. Араларында ірі түрлері де кездеседі. Мыс., Cyanea arctіca-ның ені 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге жетеді. Морфологиялық құрылысы және тіршілік етуіне қарай Ішекқуыстылар полиптер және медузалар болып топтасады. Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы (метагенез) арқылы дамиды. Бұлар үш класқа бөлінеді: гидрозоа, сцифоидты медузалар және маржан полиптері. Гидрозоа (Hydrozoa) класы – тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар. 2700-дей түрі белгілі. Бұлардың екі класс тармағы бар: сифонофоралар және гидроидтар. Стенофоралар (Ctenophora) – жылы теңіздерде еркін жүзіп, ерекше шоғыр (колония) құрып тіршілік ететін жануарлар. Шоғыр құрайтын дарабастары құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтер деп атайды. Денесінің ұзындығы әр түрлі, 1 см-ге дейін, кейде 2 – 3 м-ге дейін жетеді. Көпшілігі мөлдір түсті, бірақ кейбір бөлімдері қанық түске боялған түрлері де кездеседі. Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Ішекқуыстылар (желкенді балықтар) көп көлемде, тіпті кейде мыңдап су бетіне қалқып шығады. Көктемнің соңы мен жаздың басында олар көбіне желмен жағаға қарай жылжиды.

[1] [2]

Ішекқуыстылар типі - көпжасушалы жәндіктердің ең құрылысы қарапайым тобы. Бұл тип 3 класқа жіктеледі:

  • гидратәріздестер,
  • табақшатәріздестер
  • көпқармалауышты маржандар.

Бұлар бір затқа - төсемікке бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді. Бір затқа бекініп, отырықшы қалыпта өмір сүретін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар, ал сула еркін жүзетіндері - медузалар. Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан: эктодерма және энтодермадан тұрады. Олар жеке дара да, шоғырланып та өмір сүрелі. Денесінде бір ғана қуыс - ішек қуысы болғандықтан, ішекқуыстылар аталған. Бұлар — сәулелі симметриялы жәндіктер. Жүйке жасушалары жүйке торын түзеді. Ішек қуыстылардың барлығында атпа жасушалар болады. Олар - жыртқыш, сула, көбінесе теңізде өмір сүрелі. Бүршіктену арқылы - жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді.[3]

Ішекқуыстылардың денесінде, шашыраңқы орналасса да, жүйке жүйесі бар. Жүйедегі жүйке жасушаларынан жүйке торы түзіл еді. Мұндай жүйке торы ең алғаш тек ішекқуыстылардан бастап қана байқалады. Ішекқуыстылардың көпшілігінде регенерация құбылысы дамыған. Мысалы, гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы ірі, өте ұсақ жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады. Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі. Олардан тері-бұлшықет, жүйке және басқа жасушалар түзіліп, зақымданған жері тез қалпына келеді. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қалпына келуі регенерация деп аталады.

Ішекқуыстылар жыныссыз (бүршіктену арқылы) және жынысты жолмен көбейеді. Төменгі сатыдағы ішекқуыстыларда жыныс өнімдері дененің сыртқы қабатында - эктодермада өтеді. (Мысалы, гидратәріздестерде.) Жоғары сатылары ішекқуыстыларда (табақшатәріздестер, маржандар) дененің ішкі қабатында - энтодермада дамыды. Ішекқуыстылардың басым бөлігі дара жынысты. Сондай-ақ қосжынысты (гермафродит) түрлері де бар. Көбеюі күрделі өзгеріс арқылы дамиды.

Гидратәріздестер (гидроидтар) класы

Сцифоид

Шоғырланып, отырықшылықпен теңізде өмір сүретін обелия да гидратәріздес жәндік. Оның тіршілік айналымы өте күрделі. Гидра да, обелия да - көпқармалауышты жәндіктер. Шоғырлы отырықшы обелия жыныссыз жолмен көбейеді. Ал оның жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дара медуза (гр. медуза - пішіні қолшатыр немесе қоңырауға ұқсас еркін жүзе алатын дарақ) арқылы жүзеге асады. Сөйтіп обелияның көбеюі біріне-бірі мүлде ұқсаспайтын екі ұрпақты алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбею кезіндегі бүршіктер дараққа айналады, бірақ аналық ағзадан бөлінбейді. Обелия өте көп бүршіктену арқылы шоғыр түзеді.

Жынысты көбею кезінде мезгіл-мезгіл қармалауыштары және ауыз жоқ ерекше бүршік түзіледі. Сол бүршіктен шағын денелі жынысты дарақ - медуза дамиды. Ол аналық ағзадан бөлініп, еркін жүзеді де, ұрықтанған жұмыртқасын суға таратады. Жұмыртқадан дернәсіл - иланула(гр. иланула - жалпақ) түзіледі. Денесін кірпікше қаптаған планула сула біраз уақыт жүзіп жүріп, су түбіне шөгеді де, отырықшы обелияға айналады.

Табақшатәріздес (сцифоидтар)класы

Сцифоидтар (гр. сцифос - табақша) класына жататын медузалардың барлығы теңізде, мұхитта өмір сүрелі. Бұлардың денесінде жүйке және бұлшықет ұлпасы түзілген. Жүйке жасушаларының жинақталуы түйінге көбірек ұқсас. Соған байланысты оларда жарық сезу, иіс сезгіштік мүшелері дамыған. Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуыстылар - көпқармалауыштылар (полиптер); ал теңіз суында жүзіп жүретін ішекқуыстылар медузалар деп аталады. Медузалардың пішіні қолшатырға немесе қоңырауға ұқсас. Ішекқуыстылар жеке де (гидра, медуза және гүлге ұқсас актиния), шоғырланып та (обелия, шоғырлы қызыл маржан) тіршілік етеді. Отырықшы ішек-қуыстылар белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінеді. Дененің ол бөлігі табан деп аталады. Қармалауыштар қоршаған аузы жоғары жағында орналасады. Медузалардың денесінде табан бөлігі жоқ. Аузы мен қармалауыштары төмен қарай бағытталады да, дененің үстіңгі жағы ашылған қолшатырға ұқсайды. Медузалар қозғалған кезде қолшатырдың жиегі жиырылады. Қуыстағы пайда болған су сығылады да, қолшатырдың дөңес жағымен медузалар алға қарай жылжиды.

Көпқармалаушы маржандар (Полиптер)класы

Планула

Бұлар - тек теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер. Көпқармалауышты маржандар класындағы жәндіктер тіршілік айналымында медуза түзбейді. Қызыл маржан, теңіз қауырсыны - шоғырлы жәндіктер. Актиниялар табанын жиырып-созып бояу қозғалады, шоғыр құрмай, жеке өмір сүрелі. Актинияларды теңіз гүлі деп те атайды. Актинияның жұмыртқажасушасының ұрықтануы және ұрықтың дамуы ішек қуысында жүзеге асады. Пайда болған жас актиниялар аузы арқылы суға шығады. Ал құлақты медузаның ұрықтанған жұмыртқажасушасы денеден тыс дамиды.

Актиниялар - ұсақ жәндіктерді, балық шабақтарын, медузалар және көпқармалауышты маржан ұсақ жәндіктерді қорек етеді. Сондықтан бұлар - жыртқыш жәндіктер. Көпқаршалауышты маржандар дүниежүзілік теңіздерде кең таралған. Олардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас - риф және шеңберлі жартас - атолл түзіледі.

Бұлардың үш түрі бар: тосқауыл риф, жағалық риф және шеңберліриф немесе атолл. Рифтерде түзілген қалың әкті қаңқа кемелердің жүзуіне кедергі келтіреді. Әк алуға көбінесе рифтегі көпқармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланылады. Көпқармалауышты маржандардан түзілген рифте мұхит мақұлықтарының сан алуан түрлері мекен етеді. Теңіздерден терең суларда ішекқуыстылардың жарық шығаратын түрлері де тіршілік етеді.

Ғалымдар медузалардың дыбыс тербелісін сезгіштігін зерттеді. Соның негізінде теңіз дауылын алдын ала болжайтын «медуза ұшағы» деген аспап жасалды.

Табақша тәрізді ішекқуыстылардың құлақты медуза (аурелия) деген түрі теңіз суында еркін жүзеді. Оның қолшатыр пішінді денесінің диаметрі 25-40 сантиметрге дейін жетелі. Қолшатыр пішінді дененің астыңғы жағына ауыз орналасады. Төрт бұрышты аузының әр бүрышында бір-бірден төрт қалақша бар. Қорек ауыздан жұтқыншаққа, одан қарынға жылжып барады. Ас қарында қорытыла бастайды. Қарыннан бірнеше (8-16) тармақталған және тармақталмаған өзекшелер таралады. Өзекше түтікшесі жыбырлауық кірпікшесі бар жасушалармен астарланады. Қорек тармақталған өзекшелерде қорытылып, денеге сіңеді. Ал тармақталмаған өзекшемен қарындай сұйықтық кері қайтады. Қорытылмаған ас тармақталған өзекшемен ауызға барып, сыртқа шығарылады. Құлақты медуза - дара жынысты. Аналықтың пісіп жетілген жұмыртқасы мен аталықтың сперматозоиды өзекшелер жүйесіне және қарынға түседі. Жұмыртқа мен сперматозоид ауыз арқылы суға шығарылады. Жұмыртқаның ұрықтануы суда жалғасып табады. Ұрықтанған жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі иланула деп аталады. Планула біраз уақыттан соң су түбіне батып, төсемікке бекінеді. Плануладан төсемікте кішкене полип пайда болады. Одан әрі жыныссыз көбею басталады. Кішкене полип бүршіктену арқылы бөлініп, бірнеше табақшадан тұратын бүрлемеге айналады. Кейінірек бүрлемеден табақша жеке бөлініп, жас медуза қалпына келеді. Денесі өте көп жасушалардан тұратын жәндіктер мен жануарлар көпжасушалылар деп аталады. Жасушадан - мүше, мүшелен - мүшелер жүйесі, мүшелер жүйесінен - тірі ағза (тіршілік несі) түзіледі. Біз көпжасушалы жәндіктер (яғни омыртқасыз жануарлар) тобына тоқталамыз.


Дереккөздер

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
  2. Дәуітбаева К.Ә., Омыртқасыздар зоологиясы, 1-кітап, А., 2004.
  3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!