Әулие адам

Әулие — ерекше діндарлығымен, дін жолына кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға. Әулие – халық арасына ерекше діндар-тақуалығымен, шипа дарытқан емшілігімен әйгілі болған, керемет қасиетке ие, қауымға рухани тәрбие жүргізуші тұлға.

Сөз мағынасы

Әулие – уәли деген араб сөзінің көпше түрі, қазақша қасиетті деген мағынаны береді. Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға қатысты жебеуші, жарылқаушы деген мәнде кездеседі. Ал хадистерде жақын болу деген мағынада, яғни, Уәли Аллаһ – Аллаға жақын, дос, Алланың мейірі түскен деген ұғымда ұшырасады. Қазақ тілінде әнші-әнбие түрінде қосарланып та айтылады, мұндағы әнбие арабша – нәби, яки, пайғамбар деген сөздің көпше түрі [1]. Дегенмен бұл қосарлы сөз ел танымында әулие деген мағынаны білдіреді.

Діндерде

Ислам дінінде

Ислам дінінде Әулие ұғымы бірден орныққан. Мұхаммед пайғамбардың серіктерін, туыстарын, үрім-бұтақтарын, кейінгі діни қайраткерлерді Әулие тұту, оларды құрметтеу дәстүрі барлық мұсылман елдерінде бар. Кейде оларды жинақы түрде “әулие-әнбиелер” деп те атайды.

Басқа діндерде

Әулиелер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі. Христиан дінінде “великомученик” (ұлы қасірет шегуші), “апостол” (пайғамбар), “мученик” (қасірет шегуші), “монах”, “блаженный” (дәруіш), т.б. ретінде кездеседі. Шіркеу күнтізбесінде оларды құрметтеу күндері көрсетілген. Шіркеу қасиетті Ә-лерге арнап ғибадатхана салады, діни мейрам тағайындайды, соған шоқынуды, сый тартуды уағыздайды. Христиан дінінде 3–4 ғасырларда патшалардың, князьдердің, епископтардың, патриархтардың, Рим папаларының есебінен Ә-лердің саны көбейді. Рим папасы Пий жылма-жыл орта есеппен 5 адамды “қасиетті”, 40 адамды “блаженный” деп жариялап отырды.

Қазақ халқының дүниетанымында

Қазақ халқының дүниетанымында Әулиеге табыну дәстүрі ежелден бар. Тәңірге сенген ежелгі түркілер Ұмай ананы, Қызыр атаны, ата-баба аруақтарын желеп-жебеуші санап, оларға үнемі сиынып отырған. Күнге, Айға, Отқа табыну, ел иесі Көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, тіршілігінің негізі төрт түлік малдың иелері — Қамбар атадан, Шопан атадан, Ойсылқарадан, Зеңгі бабадан, Шекшек атадан жәрдем күту, т.б. ислам дініне дейінгі ежелгі нанымдар Қазақ халқының дүниетанымында күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқының ислам дінін қабылдауы барысында тәңірлік дүниетанымның кейбір элементтері жаңа дүниетанымдық ұстанымдармен біте араласып, Әулие ұғымының мазмұны толыға түсті. Бұл бағытта, әсіресе, Қазақ даласына ислам дінінің сопылық ілім түрінде енуі үлкен әсер етті. Сопылар ұстанымындағы дәруіштік, пәктікке ұмтылу, зікір салу, т.б. қазақтардың ежелгі нанымдарына ұқсас еді. халық оларды Әулие санап, пір тұтты. Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб, Баб ата, Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата, т.б. Әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған. Қазақ халқы, сондай-ақ, ел қорғаған батырларды, ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен тұтас аймаққа үлгі болған аналарды Әулиелер қатарына қосып, олардың аруақтарына табынып келеді.[2].

Ұғым тарихы

Ислам діні тарихында

Әулие туралы ұғым ислам діні тарихының әртүрлі кезеңінде әр қилы мағынаға ие болып, дамып отырған. Сопылық (суфизм) ілімнің ілкі дәуірдегі (IX ғ.) өкілдерінің бірі - Зүнүн Мысыри (796-859 жж.) еңбегінде осы термин теософиялық мәнде қолданылады. Одан кейінгі кезендегі авторлар әулиені діни практикада кемелденіп толыққан тұлға, Алла туралы ілім-білімге қанық жан ретінде түсіндіріп, оған Жаратушы туралы құпия сырды білуші, Алланың дидарын көрген деген сипаттарды береді. Әсіресе Хаким Термези: «Пайғамбар тек Аллаға ғана емес, әулиенің демеуіне де иек артады, себебі әулие пайғамбардан төмен болғанымен, оның сайрап тұрған қызыл тілі ұдайы Алла тағаланы еске түсіруге қызмет етеді, ал лүпілдеген жүрегі Алланың нұрымен нұрланған» - деп жазады. X ғ. -да суфизмде әулие иерархиясы жүйелі тізім тапты: олардың саны 356, кейде 500 деп айтылады, ал рухани көшбасшысы кутб (жарылқаушы) аталды. Бұл құрылымда сопылық пен шейттік арналар тоғысып кеткен. XII-XIV ғасырда сопылық бауырластық күшейгенде, әулиенің қоғамдағы орны мен мән-маңызы, атқаратын қызметі, міндеті еселеніп арта түсті. Зерттеушілер сопылық пен әулие ұғымының қанаттас дамығанын және бұл құбылыстың (суфизм) XIII ғ.-да ислам дүниетанымында шенуші мәнге ие болып, зор ықпал жасағанын айтады [3].

Қазақ халқы тарихында

Осындай тарихи-әлеуметтік нақтылы себептерге байланысты қазақ арасында да әулие туралы түсінік ислам дінімен жапсарлас жайылып, киелі сипатқа ие болып, әулиелік туралы аңыз-әпсаналар молынан таралып, бір сөзбен айтқанда, әулие культі ел санасында берік орныққан деуге болады. Ғылымда анықталғандай, әулие культі әсіресе ресми діннің орталығынан шеткерілеу аймақтарда тұрғылықты халықтың байырғы наным-сенімдерімен, салт-дәстүрімен, ырым-жораларымен тығыз сабақтастықта қалыптасатыны - анық жайт. Демек, әулие культінің орнығуына жергілікті халықтың табиғат нысандарына табыну жорасы (Мысалы: көрікті тау-тас, сырлы үңгір, шипалы көл-бүлақ т.б.), шаманистік мифологиясы, аруақтарды ұлықтау рәсімдері өзгеше лепте үндесіп, айырғысыз тұтастықта ұштасып, әбден кірігіп кететіні байқалады. Түптеп келгенде, мұның бәрі халықтық исламның сомдаған тол түсінігі болып табылады, осы ілімге сүйенген ел әулиені таңғажайып керемет иесі (карама), береке-ырыздықтың бастау көзі, тілекті қабыл етіп жарылқаушы, әртүрлі кәсіптің жебеуші иелері, қамқоршысы бейнесінде таниды. Көзі тірісінде елді ру-хани тура жолға бастаған әулиелердің қайтыс болғаннан кейін де қадір-қасиеті тағы да арта түседі. Осыған орай олардың қабіріне кесене тұрғызылып, ол қасиетті дүрбе мұсылмандардың тұрақты зиярат ететін киелі мекеніне айналады. Мәселен, Қазақстандағы Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстанбаб, Ысқақ баб, Шайқы Ибраһим, Иасауи, Әулие ата, Қоңыр әулие, Бекет ата т.б. әулиелердің сағаналарына халық әлі күнге дейін тәу етеді.

Қазақ арасында ислам дінін таратып, осы жолда өмірін сарп етіп, жанын қиған Арыстанбап, Қожа Ахмет Ясауи, Масат ата, Укаша ата секілді арғы тегі хазірет пайғамбардан таралған әулиелер ерекше ілтипатқа ие. Олардың тұқым-жұрағаттарын халық қожа деген әлеуметтік-статустық тапқа жатқызып, ақсүйек деп ардақтады. Сонымен бірге дінді тарату жолына күш салып, бұқараны имандылыққа үндеген жергілікті халықтан шыққан Әулие ата (Сатық Бұғра Қара хан), Баһауиддин Нақышбанд, Бекет ата, Науан хазірет, Марал ишан, Қалжан ахун, Мәшһүр Жүсіп Көпей, Шәкәрім секілді тұлғалар да әулиелік жолды жалғастырушылар болып есептеледі.

Ұғым қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында

Қазақтың әпсана-мифтерінде әулие кереметті көрсетуші, тылсым сырды шешуші, жоқтан барды жасаушы, батырларды жебеуші nip, дін жолында құрбан болушы тұлға ретінде дәріптеледі. Оның мұндай қызметтері, әлбетте, өңірдегі табиғат нысандарымен тікелей байланыста болып келеді. Мәселен, қазақ мифтерінде төмендегідей мотивтер тұрақты кездеседі. Елге белгілі әулиелер (Масат ата, Үкаша ата, Түлкібас, Азанұр әулие, Шілтер әулие т.б.) намаз оқып тұрғанда, андып жүрген аяр жаулары оған аяқ астынан қастандық жасайды да, олар қаза тапқаннан кейін марқұмның денесінен (қанынан, ізінен, түкірігінен) жергілікті жағырапиялық нысандардың түр-түсі, кескін- келбеті пайда болып қалыптасады. Ал атса оқ өтпейтін қасиетті әулиенің осал тұсын дұшпанға айтып берген опасыз келіні (кейде тоқалы) қарғыстан меңіреу тасқа айналады[4].

Ондай өлкелер Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Сыр бойында көптеп кездеседі. Мысалы, Укаша әулиенің қаза тапқанда домалаған басы еніп кеткен таудың қуысында киелі құдық пайда болса, Көзата қабірінің қасынан жанарды емдейтін бұлақ ағып шығады. Түлкібас әулие түкіріп қалғанда, он екі қарсыласы езіліп кетеді, сол жерде он екі шипалы бұлақ пайда болған деген аңыз бар. Бұл мифтерде халықтың ислам дініне дейінгі табынып келген табиғат нысандары туралы ежелден бері айтылып жүрген әпсана-хикаялары енді әулиенің қасиетті өмірбаянымен етене ұштасып, басқа сипатта жаңғырып, киелі өзен-су, тау-тас жаңа діннің күшті насихат құралына лайықталғаны және де соның арқасында осындай көрікті мекендер мұсылмандардың діни жоралғы өтеп, жиі-жиі зиярат ететін орнына айналғаны байқалады. Әулиенің ерекше кереметтерінің бірі - перзентсіз ата-анаға ұрпақ сыйлайтын қасиеті екендігі қазақ мифтерінде, ертегілерінде, эпостарында тұрақты дәріптеледі. Әсіресе әулиенің шапағатына қатысты пайда болған қасиетті нысандар мифте өте-мөте иланымды суреттеліп, тіпті сол олкелер ел жадында бұлтартпас деректермен куәландырылып, бүгінгі ұрпақтың да бағзы заманғы ғажайыпты көруіне бағыт-бағдар нұсқалып, соның нәтижесінде даламыздағы нақты бір өңір өткен мен бүгінгі күнді түйістіретін қуатқа ие, қазір де мұқтаж жандар тәуап ете барып, ғұрыптық жора орындайтын нүктеге айналған деуге әбден болады. Қазақ эпосында, әсіресе хандар туралы тарихи жырларда оларды жебеуші пірдің бірі - Нақышбанд Бахауидин (Бәуеддин) әулие. Мәселен, Шәді төре жырлаған Абылайдың тарихы деген жырда Абылайдың пірі - Жалаңаяқ Әздүр диуана ханға Бахауиддин әулиенің тілек сәуесін жеткізеді, сондай-ақ, ол Абылайды өмірге келгеннен бастап қолдап-қоршап жүрген қамқоршы бейнеде суреттеледі[5]. Халық әулиені басқыншы жауларға қарсы күресуші қаһарман ретінде де бағалайды. Мұның тарихи негізі де бар. Мәселен, крестшілерге қарсы шазилия, қалмақтарға қарсы нақишбандиа, орыс отаршылдығына қарсы иасауиа мен нақишбандиа тариқаттары соғыс жүргізгені туралы мәлімет бар. Әулиенің ел жадында сақталған тағы бір игілікті ісі шөлден су шығара білетін қасиеті. Айталық, Оңтүстік Қазақстанның Ташкентке жақын Турбат елді мекенінде Хазірет Ысмайыл Ата диқаншылардың тілегі бойынша аса таяғымен жерді түртіп, «шар бұлақ» ағызып берген деседі. Ескі дәстүр қайта жаңғырған, әулиеге табыну, қасиетті жерлерге зиярат етіп сыйыну рәсімдері қазіргі кезде қоғамда көрініс тауып отыр. Мұндай шаралар емшілік-саяхаттық, өлкетанушылық бағытта да әртүрлі қауымдар мен діни ұйымдар тарапынан ұйымдастырылып, рухани қажеттілікке айналды. Қазақта әулиеге қатысты мынандай ырымдарды кездестіруге болады. Мәселен, пұшпағы қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып тазаланып алған соң, әулие адамдардың қабіріне барып тәу етіп жалбарынса, сүйегі жазылып, бала көтереді деп ырымдайды[6].

Ұғымның басқа мағынасы

Әулие - адам мен малға бірдей келетін қатерлі індет, шешектің эвфемистік атауы.

Мұндай қатерлі індеттің қазақы ортада кұл, қонақ, мейман деген атаулары да кездеседі. Кез келген этнолингвистикалық табу белгілі бір этномэдени себептермен байланысты қалыптасатын жалпы этнографиялық табудың құрамдас болігі болып табылады[7]. Өйткені кез келген тыйымның сыртында сол тыйымға итермелейтін немесе түрткі болатын белгілі бір этнографиялық немесе этномэдени ұғым тұратыны сияқты, сан қилы себептермен қолдануға әлеуметтік орта тыйым салған сөздердің сыртында да дәл сондай этнографиялық немесе этномәдени ұғымдар, сондай-ақ, тыйым салуға итермелейтін қоғамда қалыптасқан наным-сенімдер, діни мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ырымдар және қоғамның тіл мәдениетінің даму деңгейімен байланысты қалыптасатын этикалық қағидалар жатқызылады [8].

Дереккөздер

  1. Вали // Ислам. Энци-клопедический словарь. М., 1991
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
  3. Жирмунский В.М. Сказание об Алпамыше и богатырская сказка. М., 1960
  4. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы: Ғылым, 1984
  5. Әжіғали С.. Оразбек Е. Қазақтардың дінге сенгіштігі // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Алматы: Арыс, 2005
  6. Селезнев А.Г., Селезнева ІІА. Материалы для изучения культа святых в Сибирском исламе // Университеты как регионообразующие научно-образовательные комплексы. Омбы, 2005
  7. Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969
  8. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы этнолингвистикалық зерделеу). Алматы: Ғылым, 1995

Read other articles:

Disambiguazione – Khartoum rimanda qui. Se stai cercando il film, vedi Khartoum (film). Disambiguazione – Se stai cercando lo stato sudanese, vedi Khartum (stato). Questa voce o sezione sull'argomento Sudan non cita le fonti necessarie o quelle presenti sono insufficienti. Puoi migliorare questa voce aggiungendo citazioni da fonti attendibili secondo le linee guida sull'uso delle fonti. Khartumcittà(AR) لخرطوم (al-Kharṭūm)(EN) Khartoum Khartum – Veduta Localizzazi...

 

Lukas 9Injil Lukas 9:23 pada Codex Nitriensis, yang ditulis sekitar tahun 550 M.KitabInjil LukasKategoriInjilBagian Alkitab KristenPerjanjian BaruUrutan dalamKitab Kristen3← pasal 8 pasal 10 → Lukas 9 (disingkat Luk 9) adalah bagian Injil Lukas pada Perjanjian Baru dalam Alkitab Kristen. Disusun oleh Lukas, seorang Kristen yang merupakan teman seperjalanan Rasul Paulus.[1][2] Teks Naskah aslinya ditulis dalam bahasa Yunani Koine. Sejumlah naskah tertua yang memuat ...

 

機巧奇傳ヒヲウ戦記 ジャンル 時代劇、ロボットアニメ アニメ 原作 BONES、會川昇 監督 アミノテツロー キャラクターデザイン 逢坂浩司、神宮寺一 メカニックデザイン 石垣純哉(※からくりデザイン名義) 音楽 山口洋 アニメーション制作 BONES 製作 ヒヲウ製作委員会 放送局 NHK BS-2 放送期間 2000年10月24日 - 2001年5月1日 話数 全26話 テンプレート - ノート プロジェクト ア

Brazilian Sports Club This article may be too long to read and navigate comfortably. Please consider splitting content into sub-articles, condensing it, or adding subheadings. Please discuss this issue on the article's talk page. (February 2023) Current aerial view of the Botafogo neighborhood, where the club's headquarters are located The history of Botafogo de Futebol e Regatas begins in 1891 when the Botafogo Regatta Group was founded in the city of Rio de Janeiro. Three years later, the g...

 

معهد ماكس بلانك لتاريخ العلم (بالألمانية: Max-Planck-Institut für Wissenschaftsgeschichte)‏  البلد ألمانيا  المقر الرئيسي برلين  تاريخ التأسيس 1994  العضوية خدمة المعلومات العلمية  [لغات أخرى]‏[1]  المنظمة الأم جمعية ماكس بلانك  الموقع الرسمي الموقع الرسمي  تعديل مصد...

 

WhooshKereta api cepat Whoosh melintas di wilayah Kota BandungInformasi umumJenis layananKereta kecepatan tinggiDaerah operasi Provinsi Jawa Barat Kabupaten Bandung Kabupaten Bandung Barat Kabupaten Karawang Provinsi DKI Jakarta Kota Jakarta Timur Mulai beroperasi2 Oktober 2023; 2 bulan lalu (2023-10-02)Operator saat iniKereta Cepat Indonesia ChinaSitus webkcic.co.idLintas pelayananStasiun awalTegalluarJumlah pemberhentian4Stasiun akhirHalimJarak tempuh142,3 km (88 mi)Waktu tem...

Stereo MesticaAlbum studio karya DJ RiriDirilis2006LabelSpinach RecordsKronologi DJ Riri Keluar Malam (2004)Keluar Malam2004 Stereo Mestica (2006) Stereo Mestica adalah album musik kedua karya DJ Riri. Dirilis pada tahun 2006. Lagu utamanya ialah Fade Away. Daftar lagu True Dimension Essential High Fade Away Endless Rue Necessity for Knowledge of Random Inaccuracies Black Jack First Kiss 2006 Fade Away (Fitalic Remix) Artikel bertopik album Indonesia ini adalah sebuah rintisan. Anda dapat...

 

Miss IndonesiaLogo Miss IndonesiaTanggal pendirian2005TipeKontes kecantikanKantor pusat JakartaLokasi IndonesiaJumlah anggota Miss World(2006-sekarang)Miss ASEAN (2005)Bahasa resmi IndonesiaChairwoman and FounderLiliana TanoesoedibjoTokoh pentingMartha TilaarWulan TilaarLina PriscillaSitus webwww.missindonesia.co.id Miss Bengkulu adalah sebuah gelar yang didapat bagi perwakilan provinsi Bengkulu di ajang Miss Indonesia, dan pemegang titel saat ini adalah Nova Liana yang mewakili Bengkulu...

 

Scottish painter Jack VettrianoBornJack Hoggan (1951-11-17) 17 November 1951 (age 72)Methil, Fife, ScotlandEducationSelf-taughtKnown forPaintingNotable workPoppy Fields (1973)[1] The Singing Butler (1992) A Voyage of Discovery (1992) The Innocents (1993) Bad Boy, Good Girl (1994) After The Thrill Is Gone (1994) And So to Bed (1996) The Longing (1997) Dance Me to the End of Love (1998) Suddenly One Summer (2000)MovementContemporary Jack Vettriano OBE (born Jack Hoggan, 17 Nov...

Species of gastropod Menestho hypocurta Apertural view of a shell of Menestho hypocurta Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Mollusca Class: Gastropoda Subclass: Heterobranchia Family: Pyramidellidae Genus: Menestho Species: M. hypocurta Binomial name Menestho hypocurta(Dall & Bartsch, 1909) Synonyms Odostomia hypocurta Dall & Bartsch, 1909 Menestho hypocurta is a species of sea snail, a marine gastropod mollusk in the family Pyramidellidae, the p...

 

Koni-class frigate of the Algerian Navy Rais Korfou in Málaga, c. 1990s History Soviet Union NameSKR-129 BuilderA.M. Gorky Shipyard, Zelenodolsk, Tatar ASSR Yard number254 Laid down7 July 1982 Launched11 November 1983 Commissioned30 August 1984 IdentificationHull number: 844 FateTransferred to Algeria October 1984 Algeria Name Rais Korfou (رايس قورصو) NamesakeHasan Corso Commissioned3 January 1985 HomeportMers El Kébir IdentificationPennant number: 903 StatusIn active service...

 

Fictional character from Naruto For the Jiraiya Gōketsu Monogatari character, see Orochimaru. Fictional character OrochimaruNaruto characterOrochimaru by Masashi KishimotoFirst appearanceNaruto chapter 45Voiced byJapaneseKujiraYuriko Yamaguchi (Shiore)Mayumi Yamaguchi (young)Sachiko Kojima (female body)Masahiko Tanaka (fourth Kazekage)[1]English Steve BlumMary Elizabeth McGlynn (female body and Shiore)Crispin Freeman (Fourth Kazekage)[2]Notable relativesMitsuki (son)Ninja ran...

此條目可参照外語維基百科相應條目来扩充。若您熟悉来源语言和主题,请协助参考外语维基百科扩充条目。请勿直接提交机械翻译,也不要翻译不可靠、低品质内容。依版权协议,译文需在编辑摘要注明来源,或于讨论页顶部标记{{Translated page}}标签。 技术就绪指数(Technology Readiness Level,TRL)也稱為技術成熟度,是一種衡量技術發展成熟度的指標,為國際性組織所使用,...

 

Troitsk Troitsk, Chelyabinsk Oblast in RussiaTroitskShown within Chelyabinsk OblastShow map of Chelyabinsk OblastTroitskTroitsk (Russia)Show map of RussiaCoordinates54°06′40″N 61°32′17″E / 54.11111°N 61.53806°E / 54.11111; 61.53806TypeAir BaseSite informationOwnerMinistry of DefenceOperatorRussian Air ForceSite historyBuilt1950 (1950)In use1950 - 2010 (2010)Airfield informationElevation10 metres (33 ft) AMSL Runways Direction Length...

 

2017 multiplayer online battle royale game 2017 video gameFree FireRevamped logo introduced in 2022Developer(s)GarenaPublisher(s)GarenaEngineUnityPlatform(s)Android iOS iPadOSRelease8 December 2017[1]Genre(s)Battle royaleMode(s)Multiplayer Free Fire is a free to play battle royale game developed and published by Garena for Android and iOS.[2] It was released on 8 December 2017. It became the most downloaded mobile game globally in 2019 and has over 1 billion downloads on Googl...

Albanian footballer and manager (1943–2019) Ali Mema Personal informationFull name Ali Mustafa MemaDate of birth (1943-02-01)1 February 1943Place of birth Tirana, AlbaniaDate of death 26 March 2019(2019-03-26) (aged 76)Place of death Tirana, AlbaniaHeight 1.72 m (5 ft 8 in)Position(s) Offensive midfielderYouth career1958–1960 17 Nëntori TiranaSenior career*Years Team Apps (Gls)1960–1966 17 Nëntori 1966–1968 Vllaznia 1968–1970 17 Nëntori 1970–1971 Partizani 1...

 

Questa voce o sezione sull'argomento politici britannici non cita le fonti necessarie o quelle presenti sono insufficienti. Puoi migliorare questa voce aggiungendo citazioni da fonti attendibili secondo le linee guida sull'uso delle fonti. Segui i suggerimenti del progetto di riferimento. Questa voce sull'argomento politici britannici è solo un abbozzo. Contribuisci a migliorarla secondo le convenzioni di Wikipedia. Segui i suggerimenti del progetto di riferimento. George Villiers,...

 

Large depression in western North America Not to be confused with Great Divide Basin. Great BasinEndorheic basinRelief map with Great Basin overlayCoordinates: 40°40′N 117°40′W / 40.667°N 117.667°W / 40.667; -117.667LocationUnited States, MexicoArea • Total209,162 sq mi (541,730 km2)[1]Highest elevation14,505 ft (4,421 m) (Mount Whitney summit) The Great Basin (Spanish: Gran Cuenca) is the largest area of co...

СТС Медіа (CTCM) Країна РосіяМісто реєстрації МоскваКерівник(и) Борис Подільський (в.о. генерального директора)[1]Заснована 1989Інтернет www.ctcmedia.ru СТС Медіа — російський медіахолдинг. Медіахолдинг юридично зареєстрований в США, штаб-квартира знаходиться в Москві. Зміст 1 ...

 

У этого термина существуют и другие значения, см. Бридж (значения). Бридж Бридж Количество игроков 4 Необходимые навыки память, логическое мышление, теория вероятностей, тактика Колода французская, пике Достоинство карт(от высших к низшим) Т К Д В 10 9 8 7 6 5 4 3 2 Длительно...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!