Әлеуметтік қауіпсіздік

Әлеуметтік қауіпсіздік,

1) мемлекетті және халықты әлеуметтік салада қорғау, әлеуметтік құрылымның және қатынастардың дамуы, қазіргі және болашақ ұрпақтың алға басу қажеттіліктеріне сай адамдардың өмір сүру салты жәнеәлеуметтену жүйесі бойынша іс-шаралар жиынтығы;

2) қоғамның әлеуметтік саласы мен мемлекеттің құлдырау туғызатын немесе оның кері кетуіне ықпал жасайтын қауіп-қатерден қорғалуы. Ә.қ. нысандарына адамдар, олардың заңды мүдделері (қажеттіліктері), бірлігі, қарым- қатынастары; адамның әлеуметтену жүйесі (білім алуы, тәрбиеленуі, әлеуметтік-мәдени тұрмысы) тіршілікті қамтасыз ету инфрақұрылымы (денсаулық сақтау, сауда, қамту және т.б.), өмір сүру салты жатады.


Дереккөздер

Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс: Энциклопедиялық анықтамалық. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011. – 640 б. Қазақша-орысша, орысша-қазақша.ІSBN 9965-893-69-1

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!