Әлеуметтік жағдайлар

Тұрғындардың өмір сүру үлгісі мен сапасын, деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы; тұрғындардың нақты табысы, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну деңгейі, тұрғындардың материалдық игіліктер мен қызметтермен қамтамасыз етілуі. Әлеуметтік жағдай сондай-ақ еңбек жағдайымен, біліктілікпен және жұмыскердің кәсіпқойлығымен, турғындардың жалпы білім алу және мәдени деңгейімен және т.б. сипатталады. Әлеуметтік жағдайды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына: тұрғындардың табысын реттеу, білім беруді, денсаулық сақтауды, кедейлікпен күресуді дамыту бағдарламарын жасау мен жүзеге асыру, тұрғындарды әлеуметтік қорғауда мемлекеттік және мемлекеттік емес пішімдер мен құрылымдарды үйлестіру жатады.[1]

Дереккөздер

  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!