Әлеуметтік белсенділік

Әлеуметтік белсенділік - мәселелерді шешуге саналы түрде бағытталған іс-әрекет. Әлеуметтік белсенділік арқылы жеке адамның мәдени дәрежесіне, білім деңгейі мен икемділігіне, қоршаған ортамен қарым-қатынасына беруге болады. Әлеуметтік белсенділіктің төмендегі адамдардың қоғамдық ортақ іс-әрекеттерден тыс қалғандығын, білімсіздігін және жігерсіздігін көрсетеді. Қоғамдағы өзгерістер адамдардың әлеуметтік белсенділігіне тікелей байланысты болып келеді. Әлеуметтік белсенділік — адамның әлеуметтік позициялық көрінісі. Әлеуметтік белсенділіктің өндірістік, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, тұрмыстық, т.б. түрлері бар. Әлеуметтік белсенділіктің кең тарап, нығаюына қоғамдағы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесі, іс-әрекетті шектен тыс бақылау, т.б. кері әсер етеді. Әлеуметтік белсенділік қоғамның өтпелі кезеңінде жаңа объективті жағдайлар қалыптасып, оны жүзеге асыру бағдарламасы анықталғанда халықтық сипат алады.[1]


Дереккөздер

  1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!