Әлеуметтік-саяси кепілдіктер - [франц. garantie - кепілдік, қамтамасыз ету] - әлеуметтік және саяси дәрежелерді, рөлдерді, құқықтар мен бостандықтарды және адамдар мен топтардың міндеттерін жүзеге асыруға шынайы мүмкіндік беретін материалдық, әлеуметтік, саяси және заңдық құралдар, шаралар, жағдайлар.
Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қамтамасыз етуде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты, кәсіподақтар мен қорлар және басқа да ұйымдар шешуші рөл атқарады. Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қоғамның барлық мүшелері қажетсінеді, бірақ балалар, мүгедектер, қарттар және еңбекке жарамсыз жандар ерекше зәру. Олар үшін әртүрлі жәрдемақылар, зейнетақылар, жеңілдіктер, пұрсаттар аса маңызды мәнге ие. Ерекше Әлеуметтік-саяси кепілдіктер әлеуметтік-кәсіби (мыс., өте ауыр және зиянды өндірістегі жұмысшыларға) және әлеуметтік-аумақтық (мыс., Арал аймағы тұрғындарына) негізде де берілуі мүмкін.[1]
Дереккөздер
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3