Эль–Хуфуф қаласы (Сауд Арабия) – Сауд Арабиясының Шығыс провинциясындағы қала. Халық саны 321 471 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Аңыз бойынша Араб әлеміне әйгілі махаббат трагедиясының кейіпкерлері Ләйлә мен Мәжнүн осы қалада қаза болған. Қала негізінен елдің маңызды мәдени орталықтарына жатады. Қалада елге танымал көптеген адамдар тұрып жатыр. 1871-1913 жылдар аралығында қала Осман империясының ықпалында болған. Эль-Хуфуфта Фейсал корольдің атындағы университет пен қала тарихымен таныстыратын мұражай бар.[1]
Дереккөздер
- ↑ Saudi Arabia: largest cities and towns and statistics of their population. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 қыркүйек 2012. World Gazetteer