Әл-Райян

Қала
Әл-Райян
араб.: الريان
Әкімшілігі
Ел

 Катар

Муниципалитет

Әл-Райян

Тарихы мен географиясы
Координаттары

25°18′30″N 51°22′00″E / 25.30833°N 51.36667°E / 25.30833; 51.36667

Жер аумағы

11.9 км²

Уақыт белдеуі

UTC+3, жазда UTC+4

Тұрғындары
Тұрғыны

826 786 адам (2020)

Ресми тілі

араб

Әл-Райян картада
Әл-Райян
Әл-Райян

Әл-Райян (араб.: الريان‎) — Қатар мемлекетінің сол аттас муниципалитетінде орналасқан ірі қала. Бұл қала Қатар мемлекетінің астанасы Доһадан кейінгі екінші ірі қала болып табылады. 2020 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша, қала тұрғындарының саны 826,786 адамды құрайды.[1]

Этимология

Қаланың атауы араб тілінен "суару" дегенді білдіреді. Бұл атау қалаға оның төмен орналасуына байланысты берілген, өйткені ол жаңбырлы маусымда су тасқыны алаңы ретінде қызмет етіп, сол аумақта өсетін көптеген жабайы өсімдіктер мен дақылдарға ұзақ уақыт су жеткізуге мүмкіндік берген.

Тарихы

Әл-Райян қаласы айтарлықтай кеңейтілмей тұрып, бұл аймақта Ескі Әл-Райян мен Жаңа Әл-Райян негізгі екі аумақ болған. Ескі Әл-Райянда көптеген дәстүрлі ауылдар орналасқан болса, Жаңа Әл-Райянда Қатар билеуші әулетінің мүшелері тұратын үлкен виллалар болған. Әл-Райян қаласы кеңейе келе, муниципалитеттің барлық шығыс қоныстары қаланың аудандарына айналды.[2]

Көрнекті орындар

Қаланың көрнекті орындары

Қатардағы алғашқы ірі стадиондардың бірі — Халифа халықаралық стадионы Әл-Райян қаласында 1976 жылы салынған. Кейін ол Aspire Zone аймағына қосылды. Aspire Zone Әл-Уааб ауданында орналасқан және Aspire академиясын қамтиды. Әл-Уааб аймағында сонымен қатар Villaggio Mall және Доһа зообағы бар.[3]

Ескі Әл-Райян

Муниципалитеттің бас штабы Ескі Әл-Райян ауданында орналасқан, сондай-ақ Әл-Райян қауіпсіздік департаменті және Әл-Райян балалар жедел жәрдем орталығы да осы жерде. 1982 жылдың 4 қазанында Білім министрі Мохаммед бин Хамад бин Абдулла Аль Тани Ескі Әл-Райянда Әл-Райян қоғамдық кітапханасының ресми ашылуын өткізді.[4]

Жаңа Әл-Райян

Жаңа Әл-Райян ауданында Қатардың Ат Спорт Федерациясының ат қоралары мен ашық аренасы орналасқан.[5] 1975 жылы құрылған және 1500 көрерменге арналған орынға ие Ат Спорт Федерациясының аренасы елдің негізгі ат жарысы алаңы болып саналады. Жаңа Әл-Райян саябағы 2004 жылы Әл-Атурия көшесіндегі тұрғын ауданында ашылды. Аумағы 8,827 м² саябақта балаларға арналған ойын алаңы мен асхана бар, ал өсімдіктер қатарында құрма пальмасы және мелия мен ятрофа тектес өсімдіктер кездеседі.

Спорт

Әл-Райянда үш үлкен стадион бар: Халифа халықаралық стадионы, Ахмед бин Али стадионы, Эдьюкейшн Сити стадионы. [[Футболдан 2022 жылғы әлем біріншілігі|2022 жылғы футболдан әлем біріншілігінің 23 ойыны осы стадиондарда өтті, сондай-ақ шейх Яссим бин Хаммад стадионы да орналасқан. Қалада «Әл-Райян» және «Әл-Гарафа» атты екі футбол командасы бар.

Қала 2027 жылғы ФИБА баскетболдан әлем біріншілігінің ойындарын қабылдайды.

Бауырлас қалалары

Дереккөздер

  1. Ar-Rayyān  (ағыл.).
  2. Whelan John Qatar, a MEED practical guide — London: Middle East Economic Digest, 1983. — P. 160. — ISBN 0950521191.
  3. Al Rayyan Municipality: Vision and Development Strategy  (ағыл.). Ministry of Municipality and Environment (December 2017).
  4. Dār al-kutub al-Qaṭarīyah fī 22'ām — Dār al-Kutub al-Qaṭarīyah, 1982.
  5. Hathab returns to QEF for 8th leg of National Equestrian Tour  (ағыл.). Qatar Tribune (16 February 2018).
  6. Belarus-Qatari relations in other fields  (ағыл.). Embassy of the Republic of Belarus in Qatar.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!