Ұлттық Алаң (ағылш.National Mall) — Вашингтонның тарихи орталығында орналасқан мұражайлар, ескерткіштер жиналған ландшафтты парк.
Ұлттық Алаң Смитсон институның бірқатар мұражайларын, көркем галереяларын, мәдени мекемелерді, түрлі ескерткіштер мен мүсіндерді қамтиді, әрі шектеседі. Жыл сайын бұл алаңға (саябаққа) 24 миллион адам келеді.
Тарихы
Пьер Шарль Ланфан XVIII ғасырда бұл Ұлттық Алаңның жобасын жасап шығарды. Бірақ, бұл жоба тек XX ғасырдың басында жүзеге асырылды.
Пьер Шарль Ланфан 1791 жылы болашақ саябақтың өзі жасаған жобасын таныстырды. Бұл жобада саябақ (алаң) ағаштармен, бау-бақшалармен қоршалған, ұзындығы 1 миль, ені 400 фут, Капитолий және Вашингтон Монументінің арасында, Ақ Үйден оңтүстікке дейін орналасады деп көрсетілген.[2][3][4][5] Соңында бұл жоба іске асып Ұлттық Алаңның құрылысы жүрді. 1802 жылы Мэтью Перри жасаған картада алғаш рет бұл саябақ «алаң» деп аталды.[6]
1850-ші жылдары сәулетші Эндрю Джексон Даунинг бұл алаңға өз ландшафтық жоспарын жасады.
1901 жылы «Әдемі қала үшін» деген қоғамдық көтерілісінің нәтижесінде, дүниеге Макмиллан жоспары келді. Макмилланның жоспары Ленфанның жоспарына қарама-қайшы келді. Өйткені, Макмилланның жоспары бойынша бұл алаңнан барлық бау-бақшаларды, кәсіп орындарды, жылыжайларды және ағаштарды алып тастау керек.[7] Макмилланның жоспарында алаңға 300 фут болатын шөп шалғынын орналастыру және 4 қатар шегіршіндерді отырғызу болғандықтан, оның жоспары Ленфанның жоспарынан ерекшеленді. Мәдениет мекемелері әдемі күйінде осы шегіршіндердің артында тұруы керек.[8][9][10][11]
15 қазан1966 жылы Ұлттық Алаң алғаш рет «АҚШ-тың тарихи орындарының ұлттық тізіміне» енгізілді.[12]1981 жылы алаң тарихи маңызы бар ретінде танылды. Ал 2003 жылы АҚШ Конгресі 108-ші отырысында алаң мемлекетпен қорғалатыны шешілді.[13]
Алаңның мақсаты
АҚШ-тың ұлттық саябақтар қызметі, алаңның негізгі мақсаттарын жеткізді:
Ленфан және Макмиллан жоспарлағандай, мұражайларға, тарихи және мәдени мекемелерге қорғалған, құрметті орын сыйлау.
Алаңның демалыс, тарихи орын ретінде, ұл символдары мен шығармашылық толған орын ретінде қамтамасыз етуі.
Мемориалдарды, ескерткіштерді, мүсіндерді, монументтерді, бақшаларды жақсы қалыпта ұстау.
Алаңның астананың жүрегінде, қандай да бір себептермен, мерейтойлармен, жиналыстармен, іс шаралармен жиналатын орын болуы.
Алаңды коммерциялық істерден аулақ ұстау, қайырымдылыққа қарай бағыттау.
Шолу
Жыл сайын жазда АҚШ тәуелсіздік күніне орай Ұлттық Алаңда, ашық аспан астында «Смитсон Фольклор Фестивалі» өтеді. Бұл мерейтой тәуелсіздік күніне дейін бір апта бұрын басталып, тәуелсіздік күнінен бір аптадан кейін аяқталады.
Ұлттық Алаң аумақтарға бөлінеді, ал әр аумақта негізгі ескерткіштері тұр. Құс биіктігінен қарағанда бұл алаң кресттің пішінінде. Бұл кресттің ортасында Вашингтон Монументі орналасқан, солтүстігінде — Ақ Үй, шығысында — Капитолий, оңтүстігінде — Джефферсон мемориалы, батысында — Линкольн мемориалы орын тапқан. Бұлардың арасында саябақтар, мұражайлар, АҚШ ботаникалық бағы орналасқан.
↑Moore, Charles (ed) (1902), "The Mall", The Improvement Of The Park System Of The District of Columbia: Report by the United States Congress: Senate Committee on the District of Columbia and District of Columbia Park Commission, Washington, D.C.: Government Printing Office, pp. 43–46, Fifty-Seventh Congress, First Session, Senate Report No. 166, http://books.google.com/books?id=Ob7PAAAAMAAJ&printsec=frontcover&dq=#v=onepage&q&f=false. План Макміллана.
↑Commemorative Works Clarification and Revision Act of 2003, inPublic Law 108-126, November 17, 2003, Title II (117 Stat. 1349 - 117 Stat. 1353). Retrieved 2010-02-04.