Қызыл қарақат - сирек кездесетін, жемісі гүлінен де әсем болып келетін өсімдіктердің бірі. Бұл гүл субальпі шалғынындағы сирек кездесетін дәрілік өсімдіктердің бірі болып табылады. Ол өнімділігі мен қысқа төзімділігі жағынан тіпті қара қарақаттан да асып түседі. Қызыл қарақаттың жемісінде қант, органикалық қышқылдар, оның ішінде алма, янтарь,лимон, аскорбин қышқылдары, каротин, тиамин, рибофлавин, пектин заттары болады.Халық медицинасында оны температураны түсіру, асқазан жұмысын жақсарту үшін пайдаланады.
Қызыл қарақат гүлдерінің өздігінен көбею дәрежесі жоғары, сондықтан тіпті бір бұтаның өзі жақсы өнім бере алады. Жемістері айтарлықтай біркелкі пісіп - жетіліп, күз аяғына дейін түспей, шоқтана жабысып тұра береді.
Дереккөздер
Қазақстан флорасы меныі кереметтері кітабы, Э.Н.Баталова