Координаттар: 42°27′09″ с. е. 59°37′35″ ш. б. / 42.45250° с. е. 59.62639° ш. б. / 42.45250; 59.62639 (G) (O) (Я)
Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті
|
Университет атауы
|
Шынайы аты
| қарақ. Berdaq atındaǵı Qaraqalpaq mámleketlik universiteti
|
---|
Халықаралық атауы
| Karakalpak State University
|
Жалпы сипаттамасы
|
Құрылған жылы
| 1976 жылы
|
---|
Түрі
| Мемлекеттік
|
Орналасуы
|
Орналасқан жері
| Өзбекстан, Нүкіс
|
---|
Мекенжайы
| Ш. Әбдіров к-сі, 1
|
Әкімшілік
|
Ректоры
| Реймов Ахмет Мәмбеткәрімұлы
|
---|
Негізгі көрсеткіштер
|
Оқытушылар
| 675
|
---|
Студенттер
| 1087
|
Сайты
| www.karsu.uz
|
өңдеу |
Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті (қарақ. Berdaq atındaǵı Qaraqalpaq mámleketlik universiteti, өзб. Berdaq nomidagi Qoraqalpoq davlat universiteti) — Өзбекстан, Қарақалпақстан Республикасы, Нүкіс қаласындағы жоғарғы оқу орны.
Тарихы
1935 жылы қыркүйекте Қарақалпақстанда тұңғыш жоғары оқу орны – мұғалімдер институты ашылды. 1944 жылы Қарақалпақ мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта өзгертіліп, оның базасында 1976 жылдың қыркүйек айында Нүкіс мемлекеттік университеті (қазіргі Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті) құрылды.
1976 жылы 31 тамызда Нүкіс мемлекеттiк университетiнiң салтанатты ашылуы болып, оған Өзбекстан, Қарақалпақстан басшылары, басқа республикалардан келген қонақтар қатысты.
Университетке алғашқы қабылдау 700 адам көлемінде жүргізілді, оның ішінде жаңа мамандықтар: агрономия – 75 адам, бухгалтерлік есеп – 75 адам. Ш.Ә.Әбдіров университеттің Қарақалпақстандағы тұңғыш ректоры болды. Кейін Өзбекстан Ғылым академиясының академигі атанған ол Өзбекстан ғылымының дамуына зор үлес қосты.
Нүкіс мемлекеттік университеті жастығына қарамастан, бірден Төменгі Әмудария аймағының халық шаруашылығына мамандар дайындайтын ірі орталыққа айналды. Оның ғылыми әлеуеті Өзбекстанның солтүстік аудандарында өндіргіш күштердің дамуын жеделдетудің маңызды факторы болып шықты. Нүкіс мемлекеттік университеті құрылған күннен бері бар-жоғы алты жылдың ішінде 19 мамандық бойынша 4 мыңға жуық маман, я болмаса сол кезде республика халық қожалығында жұмыс істеген әрбір сегізінші маманды дерлік дайындады.
Нүкіс мемлекеттiк университетi қызметкерлері ғылымның түрлі салалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының шеңберін үзбей кеңейтті. Оның зертханаларында монокристалдардың өсуі және олардың негізінде жартылай өткізгіштер жасау, лазерлік сәулеленудің мақта мен күріш өнімділігін арттыруға әсері, шөлді игерудің биологиялық негіздері, Арал теңізінің құрғау мәселелері сияқты маңызды мәселелер қарастырылды.
Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жыл 25 қаңтарындағы №274 қаулысына сәйкес университетке Қарақалпақ ақыны Бердақтың аты берілді (Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті).
Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Нүкіс филиалы. Өзбекстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 28 ақпандағы Жарлығымен Нүкіс мемлекеттік университетінің аграрлық профилді факультеттері негізінде Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің Нүкіс филиалы құрылды. Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «2003/04-жылдар үшін Өзбекстан Республикасы жоғарғы оқу орындарына қабылдау туралы» қаулысы бойынша 2003 жылдың 14 маусымы Қарақалпақ мемлекеттік университеті аграрлық факультетінің базасында Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті Нүкіс филиалы қайта құрылды.
Факультеттері мен кафедралары
- Физика факультеті
- Физика кафедрасы
- Шалаөткізгіш физика кафедрасы
- Электірлік энергетика кафедрасы
- Матиматика факультеті
- Математикалық талдау кафедрасы
- Атқарымдық талдау, алгебра мен геометрия кафедрасы
- Тәжірибелік матиматика кафедрасы
- Дифференциалдық теңдіктер кафедрасы
- Қарақалпақ филологиясы факультеті
- Қарақалпақ әдебиеті кафедрасы
- Қарақалпақ тілтану кафедрасы
- Журналистика кафедрасы
- Өзбек филологиясы факультеті
- Өзбек тілі мен әдебиеті кафедрасы
- Өзбек тілтану кафедрасы
- Филология кафедрасы (қазақ пен түрікмен тілдері)
- Тарих факультеті
- Өзбекстан және Қарақалпақстан тарихы кафедрасы
- Археология кафедрасы
- Әлеуметтік ғылымдар кафедрасы
- Педагогика және психология кафедрасы
- Заң факультеті
- Құқықтану кафедрасы
- Ұлттық идея, руханият негіздері және құқықтық тәрбие кафедрасы
- Экономика факультеті
- Экономикалық теория кафедрасы
- Экономика кафедрасы
- Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
- Қаржы кафедрасы
- Биология факультеті
- Жалпы биология және физиология кафедрасы
- Экология және топырақтану кафедрасы
- Агроэкология және шипалы өсімдіктер интродукциясы кафедрасы
- География және табиғи ресурстар факультеті
- География және гидрометеорология кафедрасы
- Геодезия, картография және табиғи ресурстар кафедрасы
- Химия-технология факультеті
- Органикалық және бейорганикалық химия кафедрасы
- Физикалық және коллоидты химия кафедрасы
- Химиялық технология кафедрасы
- Өнеркәсіптік технологиялар факультеті
- Өнеркәсіптік технологиялар кафедрасы
- Мұнай мен газ технологиясы кафедрасы
- Құрылыс факультеті
- Ғимараттар мен құрылыстарды салу кафедрасы
- Инженерлік қатынастар құрылысы кафедрасы
- Сәулет факультеті
- Сәулет кафедрасы
- Қала құрылысы кафедрасы
- Дене шынықтыру факультеті
- Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасы
- Факультетаралық дене шынықтыру және спорт кафедрасы
- Шетел тілдері факультеті
- Ағылшын тілі мен әдебиеті кафедрасы
- Аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасы
- Неміс тілі мен әдебиеті кафедрасы
- Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы
- Факультетаралық шет тілдер кафедрасы
Бакалавр бағдарлары
Дене шынықтыру факультеті:
Экономика факультеті:
- Экономика (аялары мен салалары бойынша)
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп пен аудит (салалары бойынша)
- Туризм
Химия-технология факультеті:
- Химия
- Химиялық технология (өндіріс түрі бойынша)
- тамақтану өнімі технологиясы (тауар түрі бойынша)
Өнеркәсіптік технологиялар факультеті:
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының құрастырылымдарының технологиясы және өндірісі
- Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалары бойынша)
- Мұнай және газ кен орындарын белсендіру және оларды пайдалану
- Мұнай мен газды өңдеу технологиясы
География және табиғи ресурстар факультеті:
- География
- Гидрометеорология
- Геодезия, картография және кадастр
Қарақалпақ филологиясы және журналистика факультеті
- Филология және тіл оқыту: Қарақалпақ тілі
- Журналистика (қызмет түрі бойынша)
Биология факультеті:
- Биология
- Экология және қоршаған ортаны қорғау
- Кәсіби білім: Экология және қоршаған ортаны қорғау
- Кәсіби білім: Агрохимия және топырақтану
- Шипалы өсімдіктерді өндіру және өңдеу технологиясы
- Топырақтану
Тарих факультеті:
- Тарих (елдер мен континенттер бойынша)
- Философия
Заң факультеті:
- Құқықтану (қызмет түрі бойынша)
- Ұлттық идея, руханият негіздері және құқықтық тәрбие
Құрылыс факультеті:
- Ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы (түрлері бойынша)
- Құрылыс материалдарын, жабдықтарын және құрастырылымдарын әзірлеу
- Инженерлік коммуникацияларды салу және монтаждау (түрлері бойынша)
Сәулет факультеті:
- Сәулет (түрлері бойынша)
- Қала құрылысы және қожалық
- Автомобил жолдар мен әуеайлақтар
Өзбек филологиясы:
- Филология және тілдерді оқыту: өзбек тілі
- Филология және тілдерді оқыту: қазақ тілі
- Филология және тілдерді оқыту: түрікмен тілі
Математика факультеті:
- Математика
- Тәжірибелік математика және информатика
- Кәсіби білім: информатика және ақпараттық технологиялар
Физика факультеті:
- Физика
- Электр энергетикасы (салалары мен бағыттары бойынша)
- Электртехника, электрмеханика және электртехнология (салалары бойынша)
- Энергетика (салалары бойынша)
- Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару (салалары бойынша)
Шетел тілдері факультеті:
- Филология және тілдерді оқыту: ағылшын тілі
- Филология және тілдерді оқыту: неміс тілі
- Филология және тілдерді оқыту: орыс тілі
- Шетел тілі мен әдебиеті: ағылшын тілі
- Аударма теориясы мен тәжірибесі
Магистратура мамандықтары
- Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі (руханият негіздері)
- Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының теориясы мен әдістемесі
- Әдебиеттану:
- Қарақалпақ әдебиеті
- Өзбек әдебиеті
- Лингвистика:
- Өзбек тілі
- Қарақалпақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
- Өзбекстан тарихы
- Археология
- Математика (мамандығы бойынша)
- Дифференциалдық теңдеу және физикалық математика
- Тәжірибелік математика және ақпараттық технологиялар
- Биология (бағыттары бойынша)
- Ихтиология және гидробиология
- Конденсацияланған орталар физикасы және материалтану (мамандығы бойынша)
- Химия (мамандығы бойынша)
- География (зерттеу нысанына сәйкес)
- Журналистика (бағыттары бойынша)
- Экономика (бағыттары бойынша)
- Бухгалтерлік шот (бағыты және тарауы бойынша)
- Мемлекеттік құқық және басқарма (салалары бойынша)
- Экология (салалары бойынша)
- Философия (аялары бойынша)
Дереккөздер