Қаратау шөмішгүлі (лат. Aquilegia karatavica) – сарғалдақтар тұқымдасы, шөмішгүл туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 15-35 см, сырты қабыршықты.
- Сабағында жапырағы аз болады. Жапырақтары ұзын сағақты, домалақ әрі жалпақ үш қалақшаға бөлінген.
- Гүлінің диаметрі 4-5 см, тостағанша жапырақтары көкшіл, қандауыр тәрізді, сүйір келген. Күлтесі ақшыл көк түсті, ұшы доғал келген, 3-5 жапырақ тәрізді жемісінің сыртында бездері, көлденең қыртыстары болады.
- Тұқымы арқылы көбейеді. Маусым-шілде айында гүлдеп, тамызда жемісі піседі.
Өсетін жері мен таралуы
Қаратау жотасында (Түркістан, Жамбыл облысы) ғана санаулы түрде кездеседі. Теңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктікте, таудың көлеңкелі шатқалдарында, тік құздарда өседі. Сирек кездесетін эндемик, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.[1]
Дереккөздер