Қаратау сасыры (лат. Ferula karatavica) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын өсімдік. Сабағы(кейде 2-3) жұқа,аласа(40 см дейін),жоғары бөлігі қалқан түрінде тармақталады. Жапырағы қаттылау,ұзақ солмай сақталады.
Таралуы
Қазақстан эндемигі, Тянь-Шаньда (Іле Алатауынан Талас Алатауына дейін) және Мойынқұм мен Балқаш маңы шөлдерінде кездеседі. Жусанды-астықты және бұталар бірлестіктерінде, құрғақ аңғарларда, бастапқы-қиыршықты топырақта өседі.
Ботаникалық сипаттамасы
Бұл көпжылдық шөптесін өсімдіктің ерекше тіршілік циклы бар. Бұның негізгі өкілдері көп жылдар бойы негативті өркендері жетіледі, омірінде бар-ақ рет гүлейді және береді де бірден өледі. Бұндай өсімдіктерді монокарпиктер дейді, олар шатыргүлділер арасында жиі кездеседі. Қаратау сасырының жер асты мүшесі - шар тәрізді үрілген түйнекті тамыр.
Сабағы (кейде олар 2-3) жұқа, аласа (40 см дейін), жоғары бөлігі қалқан түрінде тармақталады. Жапырағы қаттылау, ұзақ солмац сақталады. Жапырағының сабақтары кеңейіп, қабықты қынапқа айналған, ал тақталары бірнеше жерден қандауыр тәрізді үшкір бөліктерге бөліиген(ұзындығы 0,5-1 см ).
Гүлшоғыры осы түрдің басқаларыныкі сияқты - күделі шатырша. Орталық шатыры біреуден, ал жанындағылары 2-3ден бірге жиналған. Шатыршалар 5-10 ұсақ сары гүлдерден тұрады. Тостоғаншалары онша көрінбейді, ал жарақшалары ұш жағынан ішке қарай оралған, жатын екі ұялы, екі бағаналы. Сасыр мамыр-маусым айларында гүлдейді, ал жемістері (эллипс тәрізді, ұзындығы 0,8 см) маусым-шілде айларында пісіп жетіледі.
Пайдалануы
Ауыл шаруашылығында мал азықтық және омарталық өсімдік ретінде бағаланады. Тамырларында 40%-ға жуық крахмал, қарашайыр және эфир майы бар. Қарашайыр мен эфир майының әсері мен құрамы жете зерттелмеген. Феруладан жасалған препараттардың емдік қасиеттері болуы мүмкін.[1]
Дереккөздер
- ↑ А. А. Иващенко "Қазақстанның өсімдіктер әлемі"