Қанат Отызбайұлы Сүйіндіков - 1959 жылы 25 қарашада Целиноград қаласында туған.
Қазақ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1982) ғалым-агроном мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
- 1977 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының студенті.
- 1982 жылдан - Целиноград облысы Қорғалжын ауданы «Ленин жолы» кеңшарының агрономы.
- 1984 жылдың сәуірінен - Қазақстан ЛКЖО Совет аудандық комитеті комсомол жұмысы бөлімінің нұсқаушысы (Целиноград қаласы).
- 1984 жылдың қыркүйегінен - КТУ-187 комсомол комитетінің хатшысы (Целиноград қаласы).
- 1985 жылдың қаңтарынан - Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитеті жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы.
- 1985 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитеті жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің меңгерушісі.
- 1989 жылдан - Целиноград облыстық комсомол ұйымы тексеру комиссиясының төрағасы.
- 1991 жылдан - «Ақмола» әмбебап биржасының лицензиялық жұмыс жөніндегі инженері.
- 1992 жылдан - «Вариант» ШҚК коммерциялық директоры (Ақмола қаласы).
- 1995 жылдың шілдесінен - «Цесна» корпорациясының менеджері, экономисі, 1997 жылдың қаңтарынан – ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (Ақмола қаласы).
- 1997 жылдың сәуірінен - «Ақмола - Астық» концерні ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (Ақмола қаласы).
- 1998 жылдың мамырынан - «Ақмола-Челябі фирмасы» БК» ЖШС атқарушы директоры.
- 1998 жылдың қарашасынан 2004 наурызына дейін - «Жалтыр элеватор» АҚ директоры (Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр кенті).
- 2005 жылдың наурызынан - Ақмола облысы Щучье ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесшісінің міндетін атқарушы, 2005 жылдың сәуірінен - ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесшісі.
- 2006 жылдан – Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.
- 2007 жылдан - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары.
- 2009 жылдың сәуірінен бері - Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімі. «Тыңға 50 жыл» медалімен марапатталған (2005).[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2