Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, мемлекет Қарулы Күштерінің бейбіт және соғыс кезеңіндегі басты басқару органы бола отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құру мен дамыту, олардың жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жөніндегі жоспарлардың әзірленуін үйлестіреді, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың колданылуы мен өзара іс-қимылын жедел-стратегиялық жоспарлауды ұйымдастырып, жүзеге асырады, сондай-ақ қорғаныс мақсатында ел аумағын жедел жабдықтаудың жоспарын әзірлейді.
Басқа да әскерлер мен әскери кұрылымдарға тікелей басшылық жасауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті қолбасшылар (бастықтар) жүзеге асырады.
Қатерлі кезең мен соғыс уақытында мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басшылық жасау, соғыс кезеңіндегі мемлекеттік және әскери басқару органдарын құру мен олардың жұмыс жасауы Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл