Қазақ тілінің диалектілері

Қазақ тілі таралған аймақтар.

Қазақ тілінің диалектілері (قازاق ءتىلىنىڭ ديالەكتىلەرى, Qazaq tiliniñ dïalektileri) — белгілі бір аймақтарда таралған қазақ тілінің түрлері. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Әдеби қазақ тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасқан.

Зерттелу тарихы

Қазақ тілінің таң қалдырарлық біркелкілігінің кесірінен ұзақ уақыт бойы оның диалектілерге бөлінген-бөлінбегендігі даулы мәселе болып келді[1]. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы туралы В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, Н. И. Ильминский, А. М. Позднеев, С. Е. Малов және тағы да басқа зерттеушілер жазған болатын.

Қырғыздардың (қазақтардың) тілі өзінің бастапқы, таза түркі сипатын сақтап қалған. Қырғыз сахарасының кең аумағында қырғыз-қайсақтардың тілі диалектілерге бөлінбейді: Еділ мен Ертісте бір ғана тіл. Қарақырғыздардың (қырғыздар) тілі қырғыз-қайсақтардың тіліне өте жақын, бірақ одан фонетикалық тұрғыдан айырмашылықтары бар.

— Яновский А. Е. Киргизы // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.

Қазақ тілтанушыларының тарабынан да қолдау тапқан қазақ тілінің диалектсіздігі туралы пікір 1937—1938 жылдары қазақ тілі диалектілерін анықтауға арналған алғашқы экспедициялар құрылғанға дейін басым болып келді. Ұзақ уақыт бойы бұл мағлұматтар өңделмеген қалпында қала берді. Тек 1946 жылы қазақ диалектологиясы туралы Жұмат Досқараев пен Сәрсен Аманжолов жазған алғашқы мақалалар пайда болды. Ұлы Отан соғысынан кейін Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ диалектологиясы туралы» тақырабы бойынша докторлық диссертациясы жазылды, 1951 жылы шағын диалектологиялық жинақ жарыққа шықты, 1954 жылы Жұмат Досқараевтың «Қазақ тілінің облыстық лексикасының материалдары» деген жұмысы баспаға тапсырылды, 1953—1954 жылдары «Тілтану мәселелері» (орыс. «Вопросы языкознания») журналында Аманжолов пен Досқараевтың диалектілер туралы мақалалары шықты[2].

1952 жылдың наурыз айында Николай Маррдың «яфеттік теориясының» күл-талқанын шығару науқанына байланысты Алматы қаласында тілтанушылардың пікірталасы ұйымдастырылды[3]. 1953 жылы КСРО ғылым Академиясының түркі тілдері секторының атынан «Тілтану мәселелері» журналының беттерінде Эрванд Севортян (1901—1978) Маррдың теориясын жақтаушы қазақ тілтанушыларын қатты сынға алды. Қазақ тілтанушыларының қате пікірлерінің арасында қазақ тілінде диалектілердің бар екенін жоққа шығару мен диалектілік құбылыстарды «бұрмалану» деп квалификациялау аталды[3].

Қазақ тілінің «жергілікті өзгешеліктері» туралы тақырыпты алғаш қозғаған ғалым — Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931)[4][5]. «Еңбекші қазақ» газетінде 1926 жылы шыққан «Тіл туралы» мақаласында Аймауытов «қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провинциализм) деп атайды», — деп жазған екен. Әрі қарай ол Бөкей Ордасы қазақтарының тілінде татардың, арабтың, парсының, орыстың әсері, Жетісу мен Сырдария қазақтарында өзбектің, Қостанай тұрғындарында орыс, ноғайдың, Семей, Ақмола қазақтарында да араб, орыс тілдерінің әсері бар екенін тұжырымдаған[6].

Диалектілердің пайда болуы

Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, академик Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар XV ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен[6].

Классификациялау

Батыс аймақтардың қазақтары қантты (парсы: قند/qand‎) секер не шекер (парсы: شکر/šakar‎) деп атайды.

Бір-бірінен азғантай ғана айырмашылықтары бар[7][8] қазақ тілі диалектілерінің арасында нақты шекара жоқ[9] (немесе әлі күнге шейін анықталмаған[10]). Зерттеушілер бұны осы тілде сөйлейтіндердің жоғары мобильділігімен түсіндіреді[11][12]. Тек әдеби тілдің емес, ауызекі халық тілінің тұтастығына шексіз қазақ даласының географиялық ерекшеліктері әсер еткен болуы мүмкін[13]. Бірақ Сәрсен Аманжолов қазақтардың арасында еркін көшіп-қону дегеннің мүлдем болмағанын, басқа рулардың меншігіндегі жерлермен жүру қанды қақтығыстарға әкеп соқтыратындығын алға тартып, халықтың еркін қарым-қатынасына жағдай болмағанын тұжырымдаған[14].

Негізгі диалектілер

Қазақ тілінде негізгі үш диалекті бар (бұл пікірді қазақ диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі Сәрсен Аманжолов ұстанған) — батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс диалектілері[15][8][16][7]. Бұл диалектілер түрікмен тілі диалектілері сияқты ру-тайпалық құрылым бойынша емес, қарақалпақ және қырғыз тілдерінің диалектілері секілді аумақтық принцип бойынша анықталады[17]. Кейбір зерттеушілер қазақ тіліне өте жақын саналатын қарақалпақ тілін қазақ тілінің бір диалекті ретінде қарастырады[18][19][20][21][22] (әсіресе оның солтүстік-шығыс диалектісін[23]). Кейде қазақ тілі диалектілерінің қатарына өзбек тілінің қыпшақ диалектісі[24] мен құрамалықтардың тілі де жатқызылады[25].

Жұмат Досқараев пен Нығмет Сауранбаев қазақ тілі оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс деп белгіленген екі диалектіден тұрады деп есептеген. Шора Сарыбаев Сәрсен Аманжоловтың пікірімен келісіп, бірақ солтүстік-шығыс диалектіні солтүстік және шығыс деп екі субдиалекті ретінде қарастырған. Қазіргі кезде қазақ тілінде батыс, оңтүстік, шығыс және орталық-солтүстік деген төрт диалекті бар деген пікір таралған[26].

Қытай және Моңғолия қазақтарының тілі
Тағы қараңыз: Қытайда тұратын қазақтар

Қытай мен Моңғолия қазақтарының тіліне біршама ерекшеліктер тән[19]. Қытай қазақтарының тілі қытай тілінің (мандарин) аз ғана әсеріне ұшыраған[11], сонымен қатар Қытай мен Қазақстанда тұратын қазақтардың көп уақыт бойы оқшау өмір сүруінің кесірінен кей терминдердің қолданылуында айырмашылықтар байқалады. Мысалға, Қазақстанда таралған дәрігер сөзінің орнына Қытай қазақтары шипагер сөзін қолданады[27]. 1982 жылғы санаққа сәйкес, Қытайда 830 мың қазақ солтүстік-шығыс диалектісінде сөйлесе, 70 мыңы оңтүстік диалектіде сөйлеген екен[8].

Қарақалпақстан қазақтарының тілі

Қазақтардың қарақалпақтармен бірге ұзақ уақыт бойы бірге тұруының себебінен олардың тілі жергілікті қазақтар тілінің лексикасы, фонетикасы мен грамматикасына әсер еткен. Өз кезегінде қазақ тілінің себебінен қарақалпақтардың тілінде дәл осындай өзгерістер орын алған[28]. Қарақалпақ әдеби тілінің сөздері қазақтардың тіліне еніп, қазақ тілінің байырғы сөздерімен бірге қолданылады. Кейбір әдеби қазақ тілінің сөздері бұл көршіліктің кесірінен қосымша мағыналарға ие болған[29].

Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазақ тілін оқып-үйреніге жағдай жасалған қазақтар тілінің қазіргі заманғы нормативті қазақ тілінен еш айырмашылығы жоқ екен, ал ауылдарды мекен еткен қазақтардың тілі бөгде тілдердің әсеріне ұшыраған[30].

Қарақалпақстан қазақтарының
тіліне енген сөздер[31]
Әдеби қазақ тілі
зәңгі, баспа, теппе баспалдақ, басқыш
қаридар, мүтаж, қардар мұқтаж
бардамлы, құрғын күйлі
шише шыны, бөтелке, шөлмек
ділмар шешен
пошақ:
1. қауын-қарбыз тұқымдары
2. қауын-қарбыз қабығы

1. шопақ
2. қабық

Әдеби қазақ тілі

Толық мақаласы: Қазақ әдеби тілі

Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде құралған[32][11][18]. Басқа диалектілерде ч дыбысы сақталғанымен, әдеби тіл чш және шс дыбыстарының ауысуы орын алған диалектіге негізделген[33]. Географиялық алшақтығына байланысты солтүстік-шығыс өңірінің тілінде басқа аймақтардың диалектілерімен салыстырғанда араб және парсы тілдерінің әсері азырақ байқалады[7]. Кейде басқа аймақтардың сөздері солтүстік-шығыс диалектісінде анықтамасы болмаған жаңа құбылыстарды атау үшін әдеби тілге енгізіледі[34].

Дереккөздер

  1. В. И. Абаев Скифо-европейские изоглоссы — 1965. — Б. 121. — 166 б. — ISBN 9785458555562.
  2. Н. Т. Сауранбаев, 1955, б. 43
  3. a b Об ошибках казахских языковедов, 1953 Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "Об ошибках казахских языковедов—1953——" defined multiple times with different content
  4. Е. Жанпейісов Жүсіпбек. Тіл туралы // Тілтаным. — 2001. — № 3.
  5. О. Нақысбеков Ж. Аймауытұлының диалектология туралы негізгі ойлары // «Қазақ тілі тарихы мен диалек­тологиясы» атты ғылыми теориялық конференция материалдары — 2001.
  6. a b Гүлфар Мамырбекова Академик Нығмет Сауранбаев және қазақ тілінің диалектологиясы // Ана тілі. — «Қазақ газеттері» ЖШС, 13 ақпан 2014.
  7. a b c L. A. Grenoble Language Policy in the Soviet Union — Springer Science & Business Media, 2006. — P. 150. — 240 p. — ISBN 9780306480836.
  8. a b c Kazakh  (ағыл.). Ethnologue. Тексерілді, 2 сәуір 2015.
  9. Г. И. Кульдеева Антропонимическая система современного казахского языка: монография — ДАС, 2001. — Б. 122. — 239 б.
  10. Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии — Рауан, 1991. — Б. 191. — 239 б.
  11. a b c Keith Brown, Sarah Ogilvie Concise Encyclopedia of Languages of the World — Elsevier, 2010. — P. 589—591. — 1310 p. — ISBN 9780080877754.
  12. E. K. Brown, R. E. Asher, J. M. Y. Simpson Encyclopedia of language & linguistics — SIL International, 2006. — P. 174. — 966 p. — ISBN 9780080442990.
  13. Малов С. Е., 1941, б. 97
  14. С. А. Аманжолов, 1959, б. 150
  15. С. А. Аманжолов, 1959, б. 169
  16. S. A. Wurm, Peter Mühlhäusler, Darrell T. Tryon Atlas of Languages of Intercultural Communication in the Pacific, Asia, and the Americas — Walter de Gruyter, 1996. — Т. 3. — P. 933. — 1627 p. — ISBN 9783110134179.
  17. Wolfgang Weissleder The Nomadic Alternative: Modes and Models of Interaction in the African-Asian Deserts and Steppes — Walter de Gruyter, 1978. — P. 142. — 423 p. — (World Anthropology). — ISBN 9783110810233.
  18. a b Ferhat Karabulut, 2003, p. 11 Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "Ferhat Karabulut—2003——11" defined multiple times with different content
  19. a b Sociolinguistics, 2006, p. 1893 Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "Sociolinguistics—2006——1893" defined multiple times with different content
  20. Kazakh  (ағыл.). UCLA Language Materials Project. Тексерілді, 4 сәуір 2015.
  21. W. K. Matthews, 2013, p. 75
  22. Central Asia, 130 Years of Russian Dominance: A Historical Overview / Edward Allworth — Duke University Press, 1994. — P. 64. — 650 p. — (Central Asia book series). — ISBN 9780822315216.
  23. James Stuart Olson, Lee Brigance Pappas, Nicholas Charles Pappas An Ethnohistorical Dictionary of the Russian and Soviet Empires — Greenwood Publishing Group, 1994. — Б. 344. — 840 б. — ISBN 9780313274978.
  24. Christopher Moseley Turkic language family // Encyclopedia of the World's Endangered Languages — Routledge, 2008. — 688 p. — ISBN 9781135796402.
  25. Uralic and Altaic Series — Indiana University, 1963. — Т. 26. — Б. 35. — (Uralic and Altaic Series).
  26. Қазақ тілі. Энциклопедия — Алматы, 1998. — 509 б. — ISBN 5-7667-2616-3.
  27. Айжан Көшкенова Сұлтан Жанболат, профессор, жазушы: Ұлттың тілі мен жазуы ортақ болмай, біртұтас болуы қиын. — «Айқын» газеті.
  28. Асанова Ж. Е., 2011, б. 5
  29. Асанова Ж. Е., 2011, б. 6
  30. Куттымуратова Ы. А. Изучение лексики казахского говора Кунградского района в лингвогеографческом аспекте. — Вестник Челябинского государственного университета, 2011. — № 13. — б. 84—86.
  31. Асанова Ж. Е., 2011, б. 5—7
  32. С. А. Аманжолов, 1959, б. 169, 232
  33. Н. З. Гаджиева К вопросу о классификации тюркских языков и диалектов // Теоретические основы классификации языков мира — М, 1980. — Б. 100—126.
  34. С. А. Аманжолов, 1959, б. 155

Әдебиет

Read other articles:

Sporting event delegationNigeria at the2008 Summer OlympicsIOC codeNGRNOCNigeria Olympic CommitteeWebsitewww.nigeriaolympiccommittee.orgin BeijingCompetitors74 in 10 sportsFlag bearer Bose KaffoMedalsRanked 59th Gold 0 Silver 3 Bronze 2 Total 5 Summer Olympics appearances (overview)1952195619601964196819721976198019841988199219962000200420082012201620202024 Nigeria competed in the 2008 Summer Olympics which were held in Beijing, People's Republic of China from August 8 to August 24, 2008...

 

Остання альтернативарос. Последняя альтернатива Жанр фантастикадетективРежисер Володимир ЛатишевСценарист Владислав НечаєвВолодимир ЛатишевНа основі Оголене сонцеУ головних ролях Ігор Комаров Георгій ВасильєвОператор Борис ВолохВолодимир ГречишкінА. Константинов

 

Бред Андерсонангл. Brad Anderson Народився 5 квітня 1964(1964-04-05) (59 років)МедісонКраїна  СШАДіяльність кінорежисер, сценарист, монтажер, виконавчий продюсер, телережисерAlma mater Боудін-коледж і London Film SchooldЗнання мов англійська[1]Роки активності 1995 — тепер. часНагор

كيتينالشعارمعلومات عامةنظام التشغيل لينكس النموذج المصدري حقوق التأليف والنشر محفوظة موقع الويب edu.kde.org… معلومات تقنيةأدوات الواجهة أو إطار العمل كيوت لغة البرمجة سي++[1] التوثيق docs.kde.org… الإصدار الأخير 20.04.2 (11 يونيو 2020) [2] المستودع invent.kde.org… الرخصة رخصة جنو العموم...

 

Gordang Sambilan di kompleks Bagas Godang Panyabungan Tonga Gordang Sambilan adalah salah satu kesenian Tradisional suku Batak Mandailing. Gordang artinya gendang atau bedug sedangkan sambilan artinya sembilan, gordang Sambilan terdiri dari sembilan gendang atau bedug yang mempunyai panjang dan diameter yang berbeda sehingga menghasilkan nada yang berbeda pula. Gordang Sambilan biasa dimainkan oleh enam orang dengan nada gendang yang paling kecil 1, 2 sebagai taba-taba, gendang 3 tepe-tepe, g...

 

Condado de Spencer Condado Ubicación del condado en KentuckyUbicación de Kentucky en EE. UU.Coordenadas 38°02′N 85°19′O / 38.03, -85.32Capital TaylorsvilleCiudad más poblada TaylorsvilleEntidad Condado • País Estados Unidos • Estado  Kentucky • Sede TaylorsvilleFundación 1848Superficie   • Total 497 km² • Tierra 482 km² • Agua (3.07%) 16 km²Población (2000)   • Total 11,766 hab. ...

Vila Charlote Bairro de São Paulo Distrito Barra Funda Subprefeitura Lapa Região Administrativa Oeste ver Vila Charlote (também conhecida como Vila Charlot) é um bairro localizado no distrito da Barra Funda, São Paulo, SP.[1] Fica próximo à Avenida Marquês de São Vicente. Trata-se de uma área de várzea do rio Tietê com ruas que homenageiam uma certa Família Souza. Referências ↑ http://www.spbairros.com.br/tag/bairros-barra-funda/ vdeSP - São Paulo - Zona Oeste - Subprefeitura...

 

Radio station in Bathurst, New Brunswick CKBC-FMBathurst, New BrunswickBroadcast areaBathurstFrequency104.9 MHz (FM)BrandingBounce 104.9ProgrammingFormatAdult hitsOwnershipOwnerBell Media(Bell Media Radio Atlantic, Inc.)HistoryFirst air dateApril 18, 1955Former frequencies1400 kHz (AM) (1955-1966)1360 kHz (1966-2003)Technical informationClassBERP33,500 watts[1]HAAT46.2 meters (152 ft)LinksWebcastListen LiveWebsiteiheartradio.ca/bounce/bathurst CKBC-FM (Bounce 104.9) is a Canadian...

 

Change of HabitPoster rilis teatrikalSutradaraWilliam A. GrahamProduser Joe Connelly (produser) Ditulis oleh James Lee S.S. Schweitzer Eric Bercovici Skenario James Lee S.S. Schweitzer Eric Bercovici Cerita John Joseph Richard Morris Pemeran Elvis Presley Mary Tyler Moore Penata musik Billy Goldenberg Buddy Kaye Ben Weisman SinematograferRussell MettyPenyuntingDouglas StewartPerusahaanproduksiNBC ProductionsDistributorUniversal PicturesTanggal rilis 10 November 1969 (1969-11-10)...

Election in Florida Main article: 1852 United States presidential election 1852 United States presidential election in Florida ← 1848 November 2, 1852 1856 →   Nominee Franklin Pierce Winfield Scott Party Democratic Whig Home state New Hampshire New Jersey Running mate William R. King William Graham Electoral vote 3 0 Popular vote 4,318 2,875 Percentage 60.03% 39.97% County Results Pierce   50–60%   60–70%   70...

 

1916 Australian filmWithin the LawStill from the movieDirected byMonte Lukeassistant:W.J. LincolnWritten byW. J. LincolnBased onplay by Bayard VeillerStarringMuriel StarrMonte LukeCinematographyMaurice BertelProductioncompanyJ. C. Williamson Ltd[2]Release date 10 January 1916 (1916-01-10) (Melbourne)[1] Running timeFour reels[3] (4,000 feet[4] – est. 60 minsCountryAustraliaLanguagesSilentEnglish intertitles Within the Law is a 1916 Aus...

 

The basin of river Thames in London Geological map of the London Basin The London Basin is an elongated, roughly triangular sedimentary basin approximately 250 kilometres (160 mi) long which underlies London and a large area of south east England, south eastern East Anglia and the adjacent North Sea. The basin formed as a result of compressional tectonics related to the Alpine orogeny during the Palaeogene period and was mainly active between 40 and 60 million years ago. Boundaries and s...

American baseball player (born 1988) Baseball player Cody StanleyStanley playing for the Memphis Redbirds, triple-A affiliate of the St. Louis Cardinals, in 2015Free agent CatcherBorn: (1988-12-21) December 21, 1988 (age 34)Clinton, North CarolinaBatted: LeftThrew: RightMLB debutApril 26, 2015, for the St. Louis CardinalsLast appearanceSeptember 10, 2015, for the St. Louis CardinalsMLB statisticsBatting average.400Home runs0Runs batted in3 Teams St. Louis Ca...

 

Latvian basketball player Rolands FreimanisFreimanis in action with LatviaFree AgentPositionPower forward / centerPersonal informationBorn (1988-01-21) January 21, 1988 (age 35)Gulbene, Latvia, Soviet UnionNationalityLatvianListed height2.08 m (6 ft 10 in)Listed weight108 kg (238 lb)Career informationPlaying career2006–presentCareer history2006–2008ASK Rīga2008–2009VEF Rīga2009–2010Qalat Cajasol2010–2011Lobe Huesca2011Lagun Aro GBC2011–2012Girona201...

 

American writer and grandson of Harry S. Truman For the editor, see Clifton Daniel. For the bishop, see Clifton Daniel (bishop). Clifton Truman DanielBorn (1957-06-05) June 5, 1957 (age 66)Manhattan, New York, U.S.Children3ParentsClifton Daniel (father)Margaret Truman (mother)RelativesHarry S. Truman (grandfather)Bess Truman (grandmother) Clifton Truman Daniel (born June 5, 1957) is an American writer and public relations executive who is the oldest grandson of former United States Presi...

Autocannon Oerlikon FF 20 mm cannon Type 99 Mark 1 cannon (Japanese license-built Oerlikon FF)TypeAutocannonPlace of originSwitzerlandService historyIn service1940–Used byVariousWarsWorld War IIProduction historyDesignerReinhold BeckerDesigned1935ManufacturerOerlikonVariantsType 99 Mark 1 cannonMG FF cannonSpecificationsMass25 kg (55 lb) [1]Barrel lengthL/38: 760 mm (30 in)[1]Shell20mm×72RB[1]Caliber20 mm (0.787inch)Barre...

 

Grade I listed castle in Dudley, United Kingdom Dudley CastlePart of Dudley Zoological GardensDudley, West Midlands The keep of Dudley CastleDudley CastleCoordinates52°30′51″N 2°04′48″W / 52.5142°N 2.0800°W / 52.5142; -2.0800TypeMotte and BaileySite informationOwnerDudley Metropolitan Borough CouncilControlled byDudley and West Midlands Zoological SocietyOpen tothe publicYesConditionRuinedSite historyBuilt1070Built byAnsculf de Picquigny...

 

Urban park in Zhengzhou, China This article has multiple issues. Please help improve it or discuss these issues on the talk page. (Learn how and when to remove these template messages) This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: People's Park Zhengzhou – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (...

Political party in North Macedonia (established in 2015) The Left ЛевицаLevicaPresidentDimitar ApasievFounded14 November 2015 (2015-11-14)HeadquartersSkopjeIdeologySocialismLeft-wing nationalismLeft-wing populismEuroscepticismPolitical positionLeft-wingInternational affiliationWorld Anti-Imperialist Platform[1]Assembly2 / 120Mayors0 / 81Local councils49 / 1,333Skopje city council4 / 45Websitelevica.mkPolitics of North MacedoniaPolitical partiesElections The L...

 

Railway line in Victoria, Australia MilduraView of the station in June 2023General informationCoordinates34°10′55″S 142°09′48″E / 34.1820°S 142.1632°E / -34.1820; 142.1632Line(s)MilduraPlatforms1Tracks1Other informationStatusClosedHistoryOpened13 November 1903Closed12 September 1993Services Preceding station   Disused railways   Following station Irymple   Mildura line   Yelta   List of closed railway stations in Victoria   Loc...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!