Қазақ бөлімі

«Қазақ бөлімі», Мұхтар Әуезовтің очеркі. Қолжазба сақталмаған. Алғаш рет 1944 ж. 26 қарашада «Социалист Қазақстан» газетінде жарияланды. Кейін сол нұсқа Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағына енгізілді (1981, 8-кітап, 103-105-беттер). Очеркте Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ тілінде оқытатын филология-тарих және журналистика факультеттерінің ашылуы сөз етілген. Автор елдің даму жолын ғылым мен тәрбиенің өркендеуі арқылы нақты дәлелдеуге болатынын тілге тиек етіп, өзінің ағартушылық көзқарасын танытқан.

«Ғылымы өскен ел - мәдениет тарихыңда шын өскен ел. Ғылым тәрбиесі өркендеген ел - өсер ұрпағын, халық қоғамын шын көгерткен ел»

деген сөздерді бүгінгі ұрпаққа, болашақ қоғамға арнап айтқандай. Ұлы жазушы университеттің тек оқытушыларды ғана әзірлеп шығармай, осымен қатар ғылым қайраткерлерін даярлайтын үлкен оқу ордасы екенін мақтаныш ете отырып:

«мұндағы қазақ бөлімінің ірі қасиеті, зор ерекшелігі - қазір негізгі ғылымдардың көпшілігі қазақ тілінде оқылады»

деп, осы арқылы қазақ әдебиеті мен тілі туралы оқулықтар даярлау, жас кадрларды тәрбиелеп-өсіру міндеттерін алға қояды.[1]

Дереккөздер

  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!