Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы берген құрметті атақ – мемлекет пен қоғамның еңбегі сіңген азаматтардың еңбегін мойындау нысандарының бірі. 1931 жылы 10 тамызда құрылған. Театрдың, музыканың, киноның, цирктің дамуында ерекше көзге түскен көрнекті әртістерге, режиссерлерге, сазгерлерге, дирижерлерге, концертмейстерлерге, музыкалық, хор, би және басқа да ұжымдардың көркемдік жетекшілеріне, басқа да шығармашылық қызметкерлерге, орындаушы музыканттарға жоғары шеберлігі мен өнердің дамуына жәрдемдескені үшін біртуар өнер қайраткерлеріне берілді. Келесі дәрежесі «Қазақ КСР халық әртісі», содан соң «КСРО халық әртісі» атағын беру болды.
1919 жылдан 1931 жылға дейін «Республиканың еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді. Оны республикалардың Халық ағарту комиссариатының алқалары, Халық ағарту комиссарларының, облыстық және өлкелік кеңестер атқару комитеттерінің бұйрықтарымен тағайындалды.
Алғаш рет 1934 жылы опера әншісі — Күләш Байсейітова ие болды. Бұл құрметті атаққа соңғы рет 1985 жылы эстрада әншісі — Нағима Есқалиева ие болды.
Қазақстанда Кеңес Одағының ыдырауымен мемлекеттік марапаттарымен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтарының сіңірген еңбегі ескеріліп, «Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі» атағы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағымен ауыстырылып, бұрынғы КСР Одағы мен Қазақ КСР-інің марапаттар туралы бұрынғы КСР Одағы мен Қазақ КСР заңнамасында көзделген құқықтары мен міндеттерін сақтап қалды.
Тағы қараңыз