Эрнст Уәлиұлы Нұғыманов(18.6.1940 ж.т., Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал а.) – медицина ғылымының докторы (1994), профессор (2003). КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1964 жылдан Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарады.
Ғылыми еңбектер
- «Прогнозирование клинического течения и пути улучшения комплексных методов лечения рака матки и яйчников» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
- 120-дан астам ғылыми жарияланымның, 3 оқу-әдістемелік нұсқаулықтың авторы. 8 авторлық куәліктің иегері.
[1]
Дереккөздер
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы"