Ханзада Эндрю, Йорк герцогі (ағылш. Prince Andrew Duke of York, толық есімі Эндрю Альберт Кристиан Эдуард; 12 ақпан 1960 жыл, Лондон) — Ұлыбритания патшалық отбасының мүшесі, патшайым II Елизабеттің үшінші баласы және патша III Чарльздің інісі. Британ тағының мұрагерлігі бойынша 8-орында.
Өмірбаяны
Жеке өмірі
Ханзада Эндрю 1960 жылы 12 ақпан күні қазіргі Ұлыбритания патшайымы II Елизабет және жұбайы Филипп, Эдинбург герцогінің отбасында дүниеге келді. Патшалық отбасыда ол үшінші бала, екінші ұл бала болды.
Эндрю 1986 жылдың 23 шілдесі күні Сара Фергюсонға үйленді. Сол күні патшайым оған Йорк герцогі атағын берді. Герцог пен герцогиняның екі қызы бар: 1988 жылы туған Беатрис және 1990 жылы туған Евгения. Алайда, Йорк герцогінің әскери мансабына байланысты жиі сапарға шығуы, сондай-ақ Йорк герцогинясына бағытталған тынымсыз, жиі сыни БАҚ назары некенің бұзылуына әкелді. 19 наурыз 1992 жылы олардың ажырасуы жайлы жоспарлардың пайда болуы анықталды.
Марапаттары
Дереккөздер