Эль-Фаллуджа қаласы (Ирак) – Ирактағы Анбар провинциясында орналасқан қала
[1].
Евфрат өзенінің жағалауында орналасқан. Қала маңындағы ауылдарда 200-ге жуық мешіт салынғандықтан, қаланы кейде «мешіттер қаласы» деп те атайды. Қаланың тарихы көне заманнан бастау алғанмен, бүкіл әлемге 1991 жылы «Шөлдегі дауыл» операциясы кезінде және 2003-2004 жылдардағы Ирак соғысы кезінде кең танылды. Халық саны 350 000 адам шамасында (2003 жылғы халық санағы бойынша). Қаладан шыққан көптеген тұлғалар Баас партиясының мүшелігінде болып, жоғары қызметтер атқарған. 1991 жылы «Шөлдегі дауыл» операциясы кезінде жергілікті тұрғындардың арасында адам өлімі көп болған. Бірінші жағдайда Британ авиациясы қателікпен қала базарына екі бомба тастап жібереді, ал екінші жағдайда АҚШ авиациясы көпірді жарады, бірақ бір бомба қаланың басқа базарында жарылады. Жалпы жарылыс нәтижесінде 200-ге жуық адам көз жұмып, 500 қала тұрғыны жарланады.
Дереккөздер
- ↑ http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D0%BB%D0%BB%D1%83%D0%B4%D0%B6%D0%B0