Эль-Ниньо (ис.El Niño — кішкентай бала) немесе Оңтүстік осцилляция (ағылш.El Niño/La Niña) —Тынық мұхитының экваториалды бөліміндегі беттік қабатындағы су температурасының тербелісі. Бұл құбылыстың климатқа елеулі әсері бар.
Былайынша сөздермен айтқанда, Эль-Ниньо - Оңтүстік асцилляцияның мұхиттың жылынған беттік сулары шығыс жаққа қарай ауысу фазасы. Дәл осы кезде Тынық мұхитының шығыс бөлімінде, Перу жағалауында пассаттар азайып немесе толайым тоқталып, апвеллинг басылады.
Эль-Ниньоның қарама-қарсы фазасы - Ла-Нинья (ис.La Niña — кішкентай қыз).
Осцилляции сипатты мерзімі — орташа 3 - 8 жыл, кейде Эль-Ниньоның күші және созылу уақыты өзгеріп тұрады. Солай-ақ, 1790—1793, 1828, 1876—1878, 1891, 1925—1926, 1982—1983 және 1997—1998 жылдары Эль-Ниньоның фазалары қатты әсерлі әрі ұзақ болған, алайда, мысалы, 1991—1992, 1993, 1994 жылдары бұл құбылыстың мерзімі қысқарып, жиіленіп, күші әлсіз болған.