Эль-Ваха-эль-Бахария қаласы

Эль-Ваха-эль-Бахария қаласы (Египет, «Солтүстік оазис») – Египеттегі оазис және Гиза губернаторлығындағы қала [1].

Оазистің ұзындығы 94 км, ені 42 км дейін жетеді. Жалпы ауданы 2000 км² шамасында. Қалада Ескендір Зұлқарнайынның ғибадатханасынан қалған орын бар. Археологтардың болжауы бойынша Ескендір Зұлқарнайын Сива қаласындағы Амон ғибадатханасындағы көріпкелден қайтып келе жатқан кезде Бахария қаласынан өткен. 1996 жылы «Алтын мумиялар алқабы» атты грек-римдік некропольдің қазба жұмыстары басталып, сол заманға жататын 34 мазар зерттелді. Қазіргі таңда оазис қарқынды дамуда. 1970 жылы қала мен Каирді байланыстыратын жол салынды.

Дереккөздер

  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BB%D1%8C-%D0%92%D0%B0%D1%85%D0%B0-%D1%8D%D0%BB%D1%8C-%D0%91%D0%B0%D1%85%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%8F

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!