Элементтер қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттері осындай түрдей периодтық кесте бойынша өзгереді.
Олар төменгі реакцияларды айқын көрсетілген:
1-ші (сілтілік металдар) және 2-ші (сілтілікжер металдар) топ элементтерінің оксидтері негіздік қасиет көрсетеді. Олар қышқылмен әрекеттесіп, тұз + су түзеді.
натрий оксиді + тұз қышқылы ➞ натрий хлориді + су
Na2O(қ) + 2HCl(с.ер) ➞ 2NaCl(с.ер) + H2O(с)
магний оксиді + күкірт қышқылы ➞ магний сульфаты + су
MgO(қ) + H2SO4(с.ер) ➞ MgSO4(с.ер) + H2O(с)
1-топ элементтері сумен әрекеттесіп, металл гидроксидін түзеді:
натрий оксиді + су ➞ нарий гидроксиді
Na2O(қ) + H2O(с) ➞ 2NaOH(с.ер)
1-топ гидроксидтерінің барлығы – өте күшті сілтілер. Олардың ерітінділерінің рН-ы 14-ке тең.
2-топ оксидтері де сумен реакцияға түсіп, металл гидроксидтерін түзеді:
магний оксиді + су ➞ магний гидроксиді
MgO(қ) + H2O(с) ➞ Mg(OH)2(с.ер)
2-топ гидроксидтері де сілтілер. Бірақ, 1-топ гидроксидтеріне қарағанда, олардың сілтілік қасиеті төмен болады. Олардың ерітіндісінің рН-ы 10-ға тең.
4-ші топтан 7-ші топқа дейінгі элементтердің оксидтері суда ерігенде, өздерін қышқылдық ретінде көрсетеді:
4-ші топ: көмірқышқыл газы + су ➞ көмір қышқылы
CO2(г) + H2O(с) ➞ H2CO3(с.ер)
5-ші топ: диазот пентаоксиді (қ) + су ➞ азот қышқылы
2N2O5(қ) + 2H2O(с) ➞ 4HNO3(с.ер)
фосфор пентаоксиді + су ➞ фосфор қышқылы
P4O10(қ) + 6H2O(с) ➞ 4H3PO4(с.ер)
6-шы топ: күкірт триоксиді + су ➞ күкірт қышқылы
SO3(с) + H2O(с) = H2SO4(с.ер)
7-ші топтағы галоген сутектер суда ерігенде өте күшті қышқылдық қасиет көрсетеді:
тұз қышқылы HCl (с.ер), бромсутек қышқылы HBr (с.ер), йодсутек қышқылы HI (с.ер)
Сыртқы сілтемелер