Шөрек Батыр

Байғана Шөрек батыр
Шөрек батыр
Туған күні

18 ғасыр

Туған жері

Шығыс Қазақстан, Семей облысы Көкпекті

Мемлекет

Қазақ хандығы

Әскер түрі

атты әскерлер

Атағы

Батыр, қолбасшысы

Шайқасы

Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқас

Шөрек батыр, Байғана Найман Шөрек батыр (Семей облысы, Көкпекті ауданы, 18 ғасырда өмір сүрген) — Жоңғар шапқыншылығында қарсы азаттық соғыста ерекше ерлігімен көзге түскен аға батыр. Орта жүз Найман тайпасының ішінде Қаракерей руынан тарайтын Байғана тармағынан. Қаракерей Қабанбай басқарған әскердің құрамында көптеген шайқастарға қатысқан. Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен дастандарда Шөрек Батыр есімі жиі аталады.

Шөрек батыр Байғана ішінде Еңірек табының Қойбас деген атадан шыққан Қаракерей Қабанбайдың қазақ елін азат ету кезеңінде қарулас болған хас батырларының бірі. ХҮІІ ғасырдың ІІ жартысымен ХҮІІІ ғасырдың І жартысында өмір сүрген.

Атақты «Шорға» соғысы кезінде жасалған ерлік белгілі ақын Кәрібайдың толғауында:

Ер Барақ, Батыр Шөрек Орақбайдың

Қырқысты жан аямай қалмақтағы

Қосабай, Кенен, батыр Жантай

Айқасты ата жаумен әр жақтағы, - деп нөсерлете төгіп, ризалық сезімін білдірген.

Жоңғарлармен болған ірі – ірі шайқастардың бәрінде ерлік көрсетіп, қол бастаған батыр. Ерлігі мен ақылы үшін Абылай ханның ерекше ықыласымен қадіріне ие болған батырдың бірі, хан кеңесінің мүшесі. Үш бірдей (қалмақ, орыс,қытай) тілді білген. Батырлығымен қоса ділмар шешендігі де болған, жау қолынан опат болған (24 жаста). Шөрек батыр зираты Саржалда 60 км жерде Шөрек жазығында орналасқан.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!