Шығыс құрмасы (лат. Diōspyros kāki) — Эбен тұқымдасының құрма туысына жататын ағаш. Қытайда және көптеген субтропик жерде, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан, Ресейде Краснодар өлкесінде өсіріледі.
Биіктігі 10-12 м, жемісі ірі (500 г), шырынды, қызыл-сары, сырты жылтыр, қабығы жұқа. Жемісі тәтті, жемісін жастай да, кептіріп те жейді, Жас жемісінде 20% қант, 0,5-1,5% ақуыз, 2-3% күл, С,А витаминдері бар. Кептірілген жемісінде 52%қант, 48% глюкоза болады.
Шарап өндірісінде, джем жасауға т.б. қолданылады. Құрма тұқымынан және телу, ұластыру арқылы өсіріледі.