Шығыс қорықшасы – мемлекеттік табиғи қорықша.
Географиялық орны
Ақмола облысының Біржан сал ауданында 100 000 га жерде орналасқан. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 351 қаулысына сәйкес қорық аумағы 528,7 гектарға қысқартылды. Қазіргі уақытта қорық аумағы 99 471 гектарды құрайды.
Флорасы
Қорықша аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдік түрлері (7 түрі) кездеседі: сарғылт құндызшөп, ашық құндызшөп, көктемдік жанаргүл, волжа жанаргүлі, буданды таушымылдық, жатаған қызғалдақ, селеу. Тек осы өңірде кездесетін сирек өсімдік түрлері (4 түрі) анықталған: казак аршасы, сепкілгүл, Сібір құртқашашы, тасқарақат.
Фаунасы
Қорықшада Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың 13 түрі бар: бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, аққұйрықты субүркіт, ақ сұңқар, ителгі, лашын, сұр тырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ. Сондай-ақ аумақта Халықаралық табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау одағының тізіміне енгізілген жануарлардың 7 түрі анықталған: секіргіш кесіртке, үлкен алақыран, қарақұс, дала құладыны, далалық күйкентай, суыр, қарсақ.[1]
Дереккөздер