Шығыс православтық шіркеуі


Шығыс православтық шіркеуі киелілердің киелісі деп аталады. Шіркеу маңының бәрі киелі болып саналады. Шығыс православтық шіркеуі - дүниежүзіндегі көлемі жағынан екінші орынды алатын үлкен христиан дінінің қауымы. Православие - шығыс- христиан шіркеуі ретінде шыққан христиан дінінің бір тармағы. Шығыс православтық шіркеуі Иса пайғамбарды - шіркеудің басы, ал шіркеудің өзі оның денесі деп санайды.

Православ ғибадатханасындағы иконостас алдындағы Киелі үстел адам бара бермейтің шектеу қойылған жер. Иконостастардың алдындағы орын киелі жердің алтарі аталған және де ол киелілердің киелісі болып саналатын әл- Құдыстағы ғибадатханамен теңестіріледі. Шығыс православтық шіркеуі грекше сөйлейтін шығыс шіркеулері мен латынша сөйлейтін батыс шіркеулерінің догмалары2 мен шіркеулерге қатысты уәкілділікке келіспеушілігі нәтижесінде пайда болған. Шығыс православ дінінде жылдың әр жексенбісі Иса пайғамбардың қайта тірілу кунін және Троицаны3 қурметтеп, тойлауға бағыш- талады.

Шығыс православтық шіркеуі көптеген тарихи иконаларға бай. Икона көбінесе Інжілдегі оқиғаларды, кейіпкерлерді, мысалы, Мәриям- ананы, жергілікті әулиелерді немесе Иса пайғамбарды суреттейді. Православ шіркеуінің күнтізбесіндегі әр киелі кун Иса пайғамбардың қайтадан тірілуіне тікелей немесе жанама байланысты.[1]

Дереккөздер

  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!