Шыны-оптикалық байланыс — ақпаратты тасымалдауда шыны (немесе пластикалық) талшық қолданылатын технология. Шыны-оптикалық байланыс кабелі жарық толқынында модульденген деректерді тарататын жекеленген шыны талшықты шоғырлардан тұрады.
Байланыстың басқа түрлерімен салыстырғандағы шыны-оптикалық байланыстың артықшылығы: ақпаратты көп мөлшерде өткізе алады; сыртқы әсерлерге сезімталдығы болмайды; металл желілерге қарағанда жіңішке әрі жеңіл; деректер сандық ақпараттар түрінде беріле алады. Шыны-оптикалық байланыстың негізгі кемшіліктері басқа кабельдерге қарағанда қымбат және мұндай кабель морт сынғыш.
Сіртемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т.