Чарльз Стюарт Парнелл [27.6.1846, Эйвондейл, Уиклоу,- 6.10.1891, Брайтон, Суссекс]- ирланд саяси қайраткері, гомруль (өзін-өзі басқару, автономия) қозғалысының (1877 жылдан) басшысы. 1875 жылдан ағылшын парламентінің мүшесі. Британ империясы құрамында Ирландияға өзін-өзі басқару правосын, кең автономия беру программасын қолдады. Ирланд қозғалысының радикал қанатының (Дж. Девой, М. Девитт т.б.) қолдауына сүйенді. 1879ж. Жер лигасын құруға қатысып, кейін оның председателі болды. 1881 ж. 13 октябрьде. 1882 май айында Килмейнхем түрмесіне қамалып, осында либералдық ағылшын үкіметімен ымырашыл Килмейнхем келісімін жасасты, агр. талаптардан бас тартты. Ағылшын реакционерлерінің арандату саясаты салдарынан 1890 жылдың аяғында гомруль басшылығынан кетті.
Дереккөздер
Қазақ Совет Энциклопедиясы